Сөз бостандығы мерекесімен!
БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының шешімімен Дүниежүзілік сөз бостандығы күні жыл сайын 3 мамырда атап өтіледі.
Биылғы жылы оны темір тордың ар жағында біздің келесі әріптестеріміз қарсы алып отыр:
· Қазақстан Журналистер одағының басқарма төрағасы Сейітқазы Матаев,
· ҚазТАГ халықаралық ақпараттық агенттіктің бас директоры Әсет Матаев,
· «Трибуна. Саяси қалам» газетінің бас редакторы Жанболат Мамай.
Қуғын-сүргіннен сақтанып, өздерінің кәсіби мерекелерін отаннан жырақта жүріп қарсы алуға мәжбүр болған әріптестеріміз:
· Наталья Садықова,
· Ирина Петрушова,
· Бекжан Ыдрысов.
3 мамырда «Әділ сөз» қорының қызметкерлері Жанболат Мамайды қорғап жүрген қоғамдық Комитеттің мүшелерімен бірге «Трибуна» газетінің бас редакторы қамауда отырған №18 тергеу изоляторына барып, оған азық-түлік беріп, мерекесімен құттықтады. Бәрінің үстінде Ж.Мамайдың фотосуреті салынған және «Жанболат жас қыран», «Мамай вам не Димон» деген жазуы бар футболкалар болды.
«Әділ сөз» қоры журналистерге осы құттықтауларға қосылып, Жанболат Мамайға мына мекен-жай бойынша жеделхат жолдауды ұсынады: Алматы қаласы, 050045, Красногор көшесі, 73, ГУ «Учреждение ЛА 155/18», ал Сейітқазы мен Әсету Матаевтарға – Алматы облысы, Іле ауданы, Заречный поселкесі, ГУ «Учреждение ЛА 155/14», 9-отряд, сондай-ақ, Наталья Садықованы, Ирина Петрушованы және Бекжан Ыдрысовты әлеуметтік желілердегі олардың парақшалары арқылы құттықтауға болады.
Сөз бостандығы мерекесімен, әріптестер!