БАҚ туралы қанша заң керек?
28 сәуірде Астанада қоғамдық тыңдаулар өтеді. Онда бірқатар МЕҰ (НПО) БАҚ-тарды заңмен реттеудің бірлескен жаңа тұжырымдамасын ұсынады. Қолданыста жүрген қазіргі «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңның орнына түбегейлі екі жаңа заңды қабылдауды ұсынады. Осы ұсынысты мемлекеттік органдар мендепутаттар қалай қабылдар екен?
Журналистер оны қоғамдық тыңдаулар барысында білетін болады. Бұл шара «Сорос-Қазақстан» қоры мен Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламасының қолдауымен ұйымдастырылып отыр. Тыңдаулар «Қазжол» қонақ үйінің «Еуразия» залында өтеді (Балқантау көшесі, 123). Басталуы – сағат 9.00-де, кіру – еркін.
Сіз заң жобаларының тұжырымдамаларын және тыңдаулардың бағдарламасын info@adilsoz.kz адресінен немесе +7 727 291 04 36 телефонынан сұрап ала аласыз.