«Экспресс К» газетінің редакциясы Геннадий Толмачев атындағы сыйлыққа үміткерлерден өтініш қабылдауды жалғастыруда
2017 жылы ең жақсы қазақ және орыстілді баспа басылымдарының басшыларына қазақстандық журналист және жазушы Геннадий Толмачевтің сыйлығы 11-ші рет табыс етіледі. Ұйымдастырушылар мен қазылар алқасы былтыр мерейтойлық байқау өткен кезде енгізілген «Қазақстанның аңызға айналған редакторлары» атты номинацияны сыйлық туралы Ережеде қалдыруды жөн көрді.
Сыйлыққа үміткер ретінде: басылым редакцияларын; мемлекеттік органдарды; отандық, шетелдік және халықаралық қоғамдық ұйымдарды; жеке тұлғаларды ұсынуға болады.
Үміткердің қызметі мына белгілер бойынша бағаланады: қазақстандық журналистиканы дамытуға қосқан жеке үлесі, сол адам басқарған басылымның жоғары рейтингі, 2016 жылдың 1 шілдесінен 2017 жылдың 15 мамырына дейін басылымда жарық көрген және үлкен қоғамдық резонанс тудырған материалдар.
«Геннадий Толмачевтің атындағы сыйлыққа» деген белгісі бар өтінімдер 2017 жылдың 25 мамырына дейін мына адрестер бойынша қабылданады:
1) электрондық нұсқада (БАҚ-тың атауы, басылым басшысының толық аты-жөні, оның байланыс телефоны, электронды поштаның адрестері көрсетілуі керек): e-mail: tleuzhan@express-k.kz;
2) баспа нұсқасында (жоғарыда айтылған деректерді көрсету керек): 050062, Алматы қ., Қабдолов көшесі, 16, «Экспресс К» газетінің тілшілер пункті.
Үміткерлердің тізімі 1 маусымға дейін жарияланады, ал жеңімпаз маусымның соңында аталады. Әрбір сыйлықтың көлемі – 2 500 доллар.
Лауреаттарға дипломдарды ақын және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов табыс етеді.