Журналистер қай заңдармен өмір сүруі керек?
18 сәуір 2017
Үкіметтің ескіріп қалған «БАҚ туралы» заңды қазіргі заманға лайықтандырғысы келген кезекті әрекетіне, еліміздің азаматтық қоғамы жауап ретінде екі жаңа заңның тұжырымдамасын әзірледі: «Сөз бостандығының кепілдіктері туралы» және «Қазақстан Республикасындағы бұқаралық ақпарат құралдары туралы» http://www.adilsoz.kz/news/show/id/2328
28 сәуірде осы тұжырымдамалар Астанада қоғамдық тыңдауларда таныстырылады және мемлекеттік органдар тарапынан қолдау табады деп үмітенеміз.
Сондықтан екі заң жобасының тұжырымдамасын алдын ала талқылауды, сынауды немесе қолдауды ұсынамыз. Өз пікірлеріңізді мына адреске жіберіңіздер: info@adilsoz.kz .