Қазақстан журналистер одағы БАҚ арасында байқау жариялайды
Қазақстан Журналистер одағы келесі тақырыптар бойынша телевидение, радио, газет журналистері арасында «Ерлік», «Меценат», «қазақстандық бренд» және «Ал бізде аулада» тақырыптары бойынша мақалалар байқауын жариялайды.
«Ерлік»тақырыбы бойынша өз денсаулығына, кейде тіпті өміріне қауіп төндіре
отырып, экстремалды жағдайларда адам өмірін құтқарған батырлар туралы
очерктерді, «Меценат»тақырыбында өз
қаржысына мектептер, ауруханалар, спорттық секциялар, клубтар және т.б. салған
кәсіпкерлер туралы репортаждар, эссе, очерктерді ұсына алады. «Қазақстандық
бренд» тақырыбында мемлекеттік қолдау немесе демеушік көмек арқылы елімізде
ғана емес, шетелде де шығаруға болатын халық тұтынатын жоғары сапалы тауарлар
туралы, «Ал бізде аулада» тақырыбында өз е ріктерімен аулаларында,
аудандарында, жеке үйлерінде халық шығармашылығы үйірмелерін, спорттық
секциялар ашқан энтузиасттарға арналған мақалалар ұсынылуы тиіс.
Байқау қорытындысы бойынша үздік мақалалар
авторлары байқау Лауреатының Дипломымен және ақшалай сыйлықтармен
марапатталады: 1 орын -300000 теңге, 2 орын-220000 теңге, 3 орын-95000 теңге.
Байқауға деген белгісі бар аудио, видео дискідегі
материалдарды, қағаз тасымалдағыштағы материалдар мен газет мақалаларын мына
мекенжай бойынша жолдау керек: 050010 Алматы, Қалдаяқов көшесі, 79, 502 кеңсе,
Қазақстан Журналистер одағы. Тел8(727)2670006, union-press@kazmedia.kz
«Байқау» деген белгісі бар аудио, видео
материалдар, газет мақалалары 2017 жылдың 1 қарашасына дейін қабылданады.
Байқау қорытындысы 4 желтоқсанда жарияланады,
жеңімпаздарды марапаттау 2017 жылдың 15 желтоқсанында өтеді.
Қазылар алқасының құрамы мен байқау барысы туралы
басқа да маңызды ақпарат Журналистер одағының facebook-тегі: www.facebook.com/jurunion парақшасында
жарияланады.