Оңтүстік Қазақстан облысында шығатын «Сарыағаш» газетінің журналисінен ардагер жарты миллиона теңге талап етіп отыр
Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданының ардагері С.Ағайдаров өзінің ар-намысы мен беделін қорғап және моралдық зиянның орнын толтыруды сұрап, журналист З. Қамбарованы сотқа берген. Қазір сол талап-арыз бойынша сот процесі басталды.
Талап-арызға: 2016 жылы 18 қарашада «Сарыағаш» аудандық қоғамдық-саяси газетте (№52 (11549) шыққан «Қайран Келес» мақаласы себеп болған. Онда журналист карьерлік жұмыстардың кесірінен Келес өзенінің экологиялық жағдайға нашарлап, өзен жағалаулары жырылып, опырылып, ал су тасығанда жағалаудағы егін алқаптары мен тоғай өсімдіктерін су басып кететіні және карьердің қоршалмаған шұңқырларына үй жануарлары түсіп кетіп, опат болып жатқаны туралы жазған.
Журналист мақаласын жазғанда өзенге жақын орналасқан елді мекен тұрғындарының шағымдарына сілтеме жасаған және редакцияға хат жазған автормен бірге экологиялық апат орын алған жерге барып, карьерлік жұмыстарды техникасымен бірге суретке түсіріп, тіпті көптеген куәгерлердің көзінше ардагер С.Ағайдаровпен сөйлескен. Ал ардагер, өз кезегінде, Сарыағаш аудандық мәслихат депутаты Жәнібек Сүлейменовтің: «осынша жасқа келген егде ақсақалдың тоғай алқабының жағдайына алаңдап жүруі жараспайды екен» деген әдепсіз сөзіне шағымданған болатын.
Содан кейін ардагерлер жиналысында «Қайран Келес» мақаласын талқылап болған соң, ақсақал Сманқұл Ағайдаров: депутаттың айтқан сөздерін теріске шығаруды талап етіп және моралдық зиянның өтемақысы ретінде 500 000 теңге төлеп беруді сұрап сотқа арыз түсіреді. Ал Ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұстапа Сүлейменов – аудандық мәслихат депутаты Ж. Сүлейменовтің әкісі болып шықты.