Шымкентте зейнеткер әйел 31 арнаның журналисін сотқа берді
6 наурыз 2017
6 наурызда Шымкент қаласының Әл-Фараби аудандық сотында қала тұрғыны Б. Арыстанбекованың 31 арнаның журналисі Александра Кимге қойған талап-арызы бойынша алдын ала тыңдауларға дайындық басталды. Зейнеткердің айтуынша, 2016 жылдың 25 қазанында «Қайын енесі психдиспансерге өткізіп жіберген жетім баланы – оның достары мен таныстары шығарып алуға тырысып жатыр» деген материал телеарнаның эфирінде көрсетілген болатын. http://www.31.kz/video/show/id/15270/
Осы іс бойынша талапкердің көршілері мен психдиспансердің қызметкері де жауапқа тартылған. Талапкер-әйел бәрінен 1 млн теңге көлемінде моралдық зиянның орнын толтырып беруді талап етіп отыр. Сот тыңдаулары филологиялық сараптама өткізгеннен кейін басталады.