Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

Павлодар қаласының соты «Қазақстан-Павлодар» телеарнасының директоры бұрынғы екі қызметкерінің үстінен берген талап-арызын қанағаттандырмай тастады

6 наурыз 2017

2 наурызда Павлодар қалалық соты «Қазақстан-Павлодар» телеарнасының директоры Владимир Айтқазиннің журналист Артем Клеван мен жүргізуші Арман Сәлменовтің үстінен берген талап-арызын қанағаттандырмай тастады.

2017 жылдың қаңтар айында «Қазақстан» РТРК-ның Павлодар облыстық филиалының директоры Владимир Айтқазин өзінің ар-намысы мен іскерлік беделін қорғап, Павлодар қалалық сотыны арыз түсіріп, өзінің бұрынғы екі қызметкері: журналист Артем Клеван мен жүргізуші Арман Сәлменовтің шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтер таратқаны үшін олардың әрқайсысынан моральдық зиянның орнын толтыру үшін 1 млн теңгеден өндіріп беруді талап еткен.

Қуынымда: «Қазақстан-Павлодар» телекомпаниясының бұрынғы қызметкері Артем Клеван фейсбук әлеуметтік желісінде «Қазақстан-Павлодар» телеарнасының жүргізуші редакторы Айгерім Мұздыбаева өзінің басшысы В. Айтқазин оған сексуалды алымсақтық пен шантаж жасады деп айыптаған мәлімдемесіне және оның «тағы бір қызметкер жұмыста қалу үшін өзінің бір айлық жалақысын бастығына беруге мәжбүр болды» деген хабарламасына өзінің түсініктемесін берген болатын. В. Айтқазиннің өкілі сотта дәлел ретінде принтерден шығарылған, бірақ нотариалды рәсімделмеген және адрестік жолдары көрсетілмеген скриншотты көрсеткен.

24 ақпанда Павлодар қалалық соты В. Айтқазиннің Айгерім Мұздыбаеваға қатысты берген арызын қанағаттандырып, А. Мұздыбаеваның алымсақтық туралы таратқан мәліметтері шындыққа сәйкес келмейді және басшыны жаман атқа қалдырды деп тапты. Сот В. Айтқазинге келтірілген моралдық зиянның орнын толтыру үшін тележүргізушіден 100 тыс. теңге өндіріп беру туралы шешім шығарды. 


Өз сұрағыңызды қойыңыз