Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

Алматыда Жанболат Мамайды қорғау акциясын өткізгісі келген үш белсенді ұсталды

23 ақпан 2017

23 ақпанда Адам құқықтары мен заңдылықтың сақталуы жөніндегі Қазақстандық халықаралық бюроның (АҚмЗСҚХБ) хабарлауынша, Жанболат Мамайға қолдау көрсету мақсатымен ҰҚК департаменті алдында жалғыз өзі пикет өткізгісі келген құқыққорғаушы Ерлан Қалиевті АҚмЗСҚХБ офисінен шығып бара жатқан жерінде ұстап, Алатау АІІБ-ге (РУВД) алып барған. Сонымен бірге ҰҚК мен прокуратура өкілдері және учакелік полиция қызметкері Е. Қалиевке белгілеген уақытта және белгілеген жерге баруға болмайтынын ескерткен.    

Блогер Асхат Берсалимов пен құқыққорғаушыҒалым Әгелеуовті акция өтетін жерде ұстаған. «Азаттық радиосының» хабарлауынша А.Берсалимовті бейнетүсірілім жасағаны үшін ұстаған екен. Ғ. Әгелеуовтің айтуынша, ол акция болатын жерге Е. Қалиевті ұстап алып кеткені жөнінде хабарлау үшін келген.

10 ақпанда «Трибуна. Саяси қалам» газетінің редакциясы мен бас редакторы Жанболат Мамайдың үйінде тінтулер жүрген. Сол күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының қызметкерлері - «БТА» банктің қаржысын қымқырды деген Мұхтар Әбләзовтің ісі шеңберінде Ж.Мамайды ұстаған.

11 ақпанда Алматының Медеу аудандық соты Жанболат Мамайды екі айға қамауға алуға рұқсат берді.

Қамауға алынар алдында Жанболат жария мәлімдеме жасады. Онда ол:

«Мен, Жанболат Мамай, тағылған айыптар бойынша өзімді кінәлі деп санамаймын. Өмірімде бизнеспен, қаржылық шаруалармен айналысқан емеспін. Бұл істі саяси астары бар деп, журналистік қызметіме қысым және "Трибуна" газетін жабу әрекеті деп есептеймін» - деп жазған.  

20 ақпанда Алматы қалалық соты Ж. Мамайдың апелляциялық шағымын қанағаттандырмай тастап, бұлтартпау шарасы ретінде таңдалған «қамауда ұстау» шарасын кепілге ауыстыруды сұраған өтінішін қанағаттандырмай тастады.

21 ақпанда «Трибуна. Саяси қалам» газетінің бас редакторы Жанболат Мамай №18 тергеу изоляторынан өзінің соққыға жығылғанын, бопсаланғанын және өз өмірі үшін қауіптенетінін хабарлады.


Өз сұрағыңызды қойыңыз