Орал қалалық мәслихаты журналистерге алда болатын сессиялар туралы газеттерден оқып-білуге кеңес берді
25 қаңтарда Сөз бостандығын қорғайтын халықаралық «Әділ сөз» қоры: «мәслихат отырыстарына неге тек таңдаулы БАҚ-тар ғана шақырылады?» деп, Орал қалалық мәслихатының аппарат жетекшісі Серік Дәулетовке хат жолдаған болатын. Журналистердің айтуынша алда болатын сессиялар туралы ақпарат ресми сайтта болмаған, ал мәслихат хатшысы Аққали Аубекеров оны «мәслихатта баспасөз хатшысы жоқ, сондықтан қалалық әкімшіліктің газетін сатып алыңдар. Сол жерде алда болатын сессиялар туралы хабарландыру беріледі» деп кеңес берген.
«Әділ сөз» қоры: «мәслихатта баспасөз хатшысы жоқ болса да, ол жағдай журналистердің кәсіби міндеттерін атқаруға кедергі келтіруге негіз бола алмайды» деп С. Дәулетовтің назарын соған аударған. Қор, сондай-ақ «Қазақстан Республикасындағ
Бұдан тыс «Әділ сөз» қоры: журналистер хатшының әрекетін заңсыз екенін айтып, ҚР АПК-ның (ГПК) 27-бөліміне сәйкес сотқа шағымдана алатынын да ескерткен. Ал ҚР заңнамасы: лауазымды тұлғалар үшін қылмыстық, әкімшілік, тәртіптік, азаматтық және материалдық жауапкершілікті қарастыратынын С. Дәулетовтің есіне салып, одан болашақта мұндай жағдайға жол беруге болмайтынын және соны Орал қаласы мәслихатының хатшысы А. У. Аубекеровке түсіндірін сұраған.
С. Дәулетов 10 ақпанда «Әділ сөз» қорына жіберген жауабында: «Орал қалалық мәслихаты жергілікті өкілдік орган болғандықтан, өзінің қызметін Қазақстан Республикасы Конституциясы мен заңнамасына сай жүргізеді», ал «қалалық мәслихаттың қызметі қашанда ашық және мөлдір, сонымен бірге ол өз қызметіндеқалалық мәслихат бекіткен регламентті қатаң ұстанады» деп хабарлаған.
Сондай-ақ С. Дәулетов: БАҚ-тарға қалалық мәслихаттың сессиялары туралы жазуға ешкім тыйым салмағанына сендіріп, А. Аубекеровтің айтқанын қайталап, алда болатын сессиялар туралы «Жайық үнi» және «Пульс города» газеттерінен және қалалық мәслихаттың сайтынын оқып-білуге кеңес берген, бірақ журналистер сол сайттың жаңармайтынына шағымданып отыр емес пе?..