Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

ІІМ-нің (МВД) халықаралық әлеуметтік желелерді қазақстандық провайдерлер арқылы жұмыс істеуге міндеттейтін ұсынысын орындау мүмкін емес

14 ақпан 2017

ҚазТАГ-тың хабарлауынша 13 ақпанда парламент мәжілісінде өткен үкіметтік сағатта ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов халықаралық әлеуметтік желелерге қатысты: «қазақстандық пайдаланушылардың барлық деректерін Қазақстанда сақтауды міндеттейтін немесе оларды қазақстандық провайдерлер арқылы Қазақстанда жұмыс істеуге міндеттеуді» заңдық деңгейде шешуді ұсынды. Оның пікірінше бұл – кәмілеттік жасқа толмаған балаларды суицидті насихаттайтын қауымдастыққа тартуға тосқауыл қояды.

«ӘДІЛ СӨЗДІҢ» ТҮСІНІКТЕМЕСІ:  

Кімдерге тыйым салу керектігін білмей жатып, бұл талапты қалай орындауға болады? ІІМ кімдерді қазақстандық провайдерлер арқылы Қазақстанда жұмыс істеуге міндеттейін деп отыр? Егер бұл талап қазақстандықтар кіріп жүрген шетелдік интернет-сайттардың бәріне қатысты болса, оны жүзеге асыру мүмкін емес. Егер бұл талап тек ірі әлеуметтік желілерге қатысты айтылса, онда оларды қандай өлшем бойынша іріктейтіні тағы түсініксіз? Және осы талаптарды қандай механизмдер арқылы мәжбүрлеп жүзеге асыратыны да белгісіз? Өйткені халықаралық әлеуметтік желелердің иелері – басқа мемлекеттердің субъектілері. Олай болса, ҚР ІІМ-нің талабын оларға мәжбүрлеп орындатудың бір-ақ жол бар – ол тек сол ресурстарға кіретін жолды бұғаттап тастау.

Айтпақшы, қазақстандық пайдаланушылардың жеке деректерін сақтау талабы Қазақстанда қабылданып қойған. Соған қарамастан, ол орындалып жатқан жоқ. Сондықтан, егер осы жолы тағы бір сондай заң қабылданса, оны да сондай тағдар күтіп тұрғаны анық.  

Өз сұрағыңызды қойыңыз