«Трибуна» газетінің бас редакторы Жанболат Мамай екі айға қамауға алынды
13 ақпан 2017
11 ақпанда Алматының Медеу аудандық соты «Трибуна» газетінің бас редакторы Жанболат Мамайды «БТА» банкі қаржысын қымқырған Мұхтар Әбләзовтің тергеу ісі шеңберінде екі айға қамауға алуға рұқсат берді.
Қамауға алынар алдында Жанболат көпшілікке арналған жазбаша мәлімдеме жасады. Онда ол:
«Мен, Жанболат Мамай, маған тағылған айыптар бойынша өзімді кінәлімін деп санамаймын. Өмірімде ешқашан бизнеспен, қаржылық іс-әрекетпен айналысқан емеспін. Ал осы жолғы қудалауды – менің журналистік қызметім үшін саяси қысым және «Трибунаны» жабу әрекеті деп санаймын.