Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

«Дружные ребята» газеті өзінің 84 жылдығында 6 мыңыншы санын шығарып отыр

6 ақпан 2017

Құрметті журналистер!

Қазақстан балаларына арналған республикалық «Дружные ребята» газетінің бірінші саны 1933 жылы 4 ақпанда шыққан болатын. Ал 2017 жылдың 7 ақпанында 6000-шы саны шыққалы отыр!

Осыған орай редакция Сізді 7 ақпанда сағат 11-де мына мекен-жайда өтетін импровизацияланған баспасөз-конференциясына шақырады: Алматы, Желтоқсан, 175, офис 415. («Қазақстан» телерадиокорпорациясы ғимаратының төмен жағында).

Анықтама тел: 220 79 23; 220 76 42.

Өз сұрағыңызды қойыңыз