Зейнұлла Кәкімжановтың Ratel.kz сайтын сотқа берген талап-арызы бойынша процесс жабық режимде өтетін болды
1 ақпанда Алматының Медеу аудандық сотында экс-қаржы және мемлекеттік кірістер министрі Зейнұлла Кәкімжанов пен Ильхалид Кәкімжановтың Ratel.kz интернет-порталы мен Forbes.kz журналына қойған талап арызы бойынша алдын ала тыңдаулар өтті.
Бірінші болып талапкерлердің: сот процесін және осы іс бойынша оқылатын сот шешімін жабық режимде өткізуді сұраған өтініші қаралды. Талапкерлер өкілдерінің уәждері: Кәкімжановтар әулетінің туыстық қарым-қатынастары туралы ақпаратты, сондай-ақ бірқатар коммерциялық ұйымдардың басшылығы туралы мәліметті жариялау – жеке өмір құпиясын және коммерциялық құпияны бұзады дегенге сайды.
Жауапкерлердің өкілдері, өз кезегінде, дау тудырған мақалалардағы деректер – ашық көздерден алынды, соның ішінде мемлекеттік органдардың ресми сайттарынан алынғандықтан, бұл жерде жеке немесе коммерциялық құпияны бұзу фактісі жоқ деді.
Судья Тимур Жұмамұратов екі жақтың дәлелдерін тыңдап, кеңес бөлмесіне шығып кетті. Одан оралған соң, сот процесін жабық режимде өткізуді сұраған өтінішті қанағаттандырғаны туралы шешімін жариялады.
2016 жылы 29 желтоқсанда Ratel.kz интернет-порталының редакциясына экс-қаржы және мемлекеттік кірістер министрі Зейнұлла Кәкімжановтан 2016 жылдың мамыр айынан желтоқсанға дейін сайтта жарияланған 9 мақаланы жоққа шығаруды және оларды сайттан алып тастауды талап еткен сотқа дейінгі кінәрат-талап түскен болатын.
Қаңтардың алғашқы күндері, заң бойынша сотқа дейінгі шағымға жауап беруге бөлінген 30 күндік мерзімінің өткенін тоспай, З. Кәкімжанов Алматының Медеу аудандық сотына талап-арыз түсірген. Талапкерлер: Зейнұлла Кәкімжанов пен Ильхалид Кәкімжанов сайтта жарияланған мақалаларды жоққа шығарудан және оларды сайттан алып тастаудан тыс, порталдың бас редакторы Марат Әсіповтен және журналист Сапа Мекебаевтан – 2 млн теңгеден, ал журналист Геннадий Бендицкийден – 6 млн теңге, «Автодорсервис» ЖШС-ның бұрынғы бас директоры Виталий Процентовтен – 5 млн тенге, баспагер – «ИТАЮ» ЖШС-дан – 6 млн теңгені өндіріп беруді талап етіп отыр.
11 қаңтарда судья Т. Жұмамұратов қуынуды қамтамасыз ететін ұйғарым шығарып, жауапкерлерге процес туралы хабар таратуға, соның ішінде БАҚ-тарға жүгінуге, әлеуметтік желілерде шолу жасауға тыйым салды.
16 қаңтарда Алматыда осы іс бойынша алдын ала тыңдаулар басталды. Ratel.kz-дан тыс, жауапкер ретінде Forbes.kz сайтының шығарушысы United Media Group ЖШС мен басылымның бас редакторы орынбасары Александр Воротиловты жауапқа таруды және процесті жабық режимде өткізуді талап еттіп, талапкер оны: «жарияланған мақалаларда талапкерлердің туыстық қарым-қатынасы мен әлеуметтік жағдайы жария болып, жеке өмір құпиясына қатысты құқығы бұзылады» деп негіздеді.
Ratel.kz интернет-порталының өкілі, өз кезегінде, редакция сотқа дейінгі шағымды 29 желтоқсанда алғанын, ал жауап беруге 30 күн берілетінін айтып, дауды сотқа дейін реттеу мүмкіндігі әлі де бар деп, талап-арызды қанағаттандырмауды сұрады.
16 қаңтарда судья келесі сот отырысын 24 қаңтарға белгіледі, яғни сотқа дейін реттеу мүмкіндігі әлі аяқталмаған күнге қойды, бірақ артынан сот процесін 1 ақпанға көшірді.