Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

БАҚ-тармен жұмыс істейтін Әйелдердің халықаралық қоры 2017 жылға гранттар ұсынады

30 қаңтар 2017

БАҚ-тармен жұмыс істейтін Әйелдердің халықаралық қоры (TheInternationalWomen’sMediaFoundation (IWMF) журналист-әйелдерді «Говард Баффет қорының» бағдарламасы бойынша грант алуға болатын конкурсқа қатысуға шақырады. Бағдарламаның мақсаты – медиа саласында білім беретін жобалар мен журналистік зерттеулерді қолдау және бұқаралық ақпарат құралдарын дамыту жобаларына қолдау көрсету.

 

Берілетін гранттардың жалпы сомасы – жылына $230 мың.

 

Гранттар келесі бағыттардағы жобаларды жүзеге асырғысы келетін шер шарының барлық журналист-әйелдеріне беріледі:

 

·        БАҚ-тарда жеткілікті көңіл бөлінбей жүрген жаһандық маңызы бар проблемаларды көрсету

·        Оқиғаларды дәстүрлі түрде суреттейтін әдістерден бас тартып, оларды басқа қырынан көрсететін өршіл жобаларды іске асыру

·        Нақты кәсіби біліктілікті дамыту және қызмет бабы бойынша өсу

·        Іс жүзінде жүзеге асыруға болатын ең маңызды деген дағдыға оқып-үйрену және лидерлік қасиеттерді көрсетуге мүмкіндік алу

·        Жаңалықтарды берудің жаңа жобаларын іске қосу немесе сондай жобаларды жүзеге асыруға машақаттану

 

Іріктеу өлшемдері

 

·        Грант алу үшін өтінімді дүние жүзінің кез келген елінде тұратын журналист-әйелдердер бере алады.

·        Үміткердің негізгі мамандығы – кәсібижурналистика болуы керек.

·        Үміткердің кәсіби журналистика, кем дегенде үш жылдық тәжірибесі болуы тиіс.

·        Журналистер атынан топтық өтінімдер де беруге болады, бірақ бұл жағдайда  өтінімді әйел беруі керек және бұл топта кемінде 50% әйелдер болуы тиіс.

 

Грантқа өтінімді қалай беру керек

 

Кандидаттарағылшын тілінде келесі ақпаратты беруі керек:

o         Байланыс жасайтын ақпарат және резюме немесе CV

o         Қаржы сұрап отырған жобаның қысқаша сипаттамасы

o         Егер мүмкін болса, жобамен жұмыс істейтін топқа кіретіндердің толық тізімі

o        Жоба шешуге тиіс мақсаттар мен проблемалардың сипаттамасы

o        Жобаны жүзеге асыруға қажет деп отырған болжамды бюджет пен мерзімі

Өтінімдер онлайн режимде мына на сайтта қабылданыды: https://www.iwmf.org/programs/howard-g-buffett-fund-for-women-journalists/

 

Өтінім берудің ең соңғы мерзімі: 7 наурыз 2017 жыл

Өз сұрағыңызды қойыңыз