Бигелды Ғабдуллиннің бостандығын 5 жылға шектеу туралы үкім шығып, ол қамаудан босатылды
24 қаңтарда Central Asia Monitor газетінің бас редакторы және Radiotochka.kz сайтының директоры Бигелді Ғабдуллинге үкім оқылды. Сот Б. Ғабдуллинді бопсалаумен айналысқаны үшін кінәлі деп тауып (ҚР ҚК 194-бабы, 4-т., 2-тт.), 5 жылға бостандығын шектеу туралы жаза тағайындады, сондай-ақ ол 5 жылға пробациялық бақылауға алынды. Бұдан тыс, үкімге сәйкес Б. Ғабдуллинге жергілікті өзін өзі басқару органдарында жұмыс істеуге, сондай-ақ меммлекеттік қызметте, коммерциялық ұйымдарда ұйымдастыру және бөлу міндеті мен материалдық жауапкершілігі бар жетекшілік лауазымдар атқаруға 10 жылға тыйым салынды.
Б. Ғабдуллиннің жылжымалы және жылжымайтын мүлкіне салынған тыйым алынып тасталды. Б. Ғабдуллиннің өзі тура сот залында қамаудан босатылды.
Central Asia Monitor газетінің бас редакторы және Radiotochka.kz сайтының директоры Бигелді Ғабдуллинге ҚР ҚК 194-бабы, 4-т., 2-тт бойынша (Бопсалау) айып тағылған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының хабарлауынша Б. Ғабдуллин өзіне қарасты CentralAsiaMonitor және Radiotochka.kz БАҚ-тарын пайдаланып, «мемлекеттік органдар жетекшілерінің іскерлік беделіне нұқсан келтіретін жағымсыз материалдар жариялап, ақпараттық шабуылды күшейткен». Ұлттық бюроның деректері бойынша Ғабдуллин содан кейін сыни материалдарды тоқтату үшін өзінің медиаресурстарына мемлекеттік тапсырыстар беруді талап етіп, лауазымды қызметкерлерді бопсалаған. Олар, өз кезегінде, Ғабдуллиннің компанияларын лоббилеп, мемлекеттік сатып алу шарттарымен қамтамасыз етіп отырған. Осыдан кейін ғана оның БАҚ-тарында сол басшылардың қызметі туралы тек жағымды материалдар шығып жүрген. 2016 жылы 15 қарашада Б. Ғабдуллин қамалып, артынан тұтқынға алынды. Бұл іс бойынша алдын ала тыңдаулар 11 қаңтарда өтті. Ал басты сот отырысы 17 қаңтарда басталды.