Экс-қаржы министрі Зейнұлла Кәкімжановтың Ratel.kz және Forbes.kz-ға қойған талап арызы бойынша алдын ала тыңдаулар 1 ақпанға көшірілді
Алматы қаласының Медеу аудандық соты экс-қаржы және мемлекеттік кірістер министрі Зейнұлла Кәкімжанов пен Ильхалид Кәкімжановтың Ratel.kz және Forbes.kz-ға қойған талап арызы бойынша алдын ала сот отырысын 1 ақпанға сағат 15.00-ге ауыстырды.
2016 жылы 29 желтоқсанда Ratel.kz интернет-порталының редакциясына экс-қаржы және мемлекеттік кірістер министрі Зейнұлла Кәкімжановтан 2016 жылдың мамыр айынан желтоқсанға дейін сайтта жарияланған 9 мақаланы жоққа шығаруды және оларды сайттан алып тастауды талап еткен сотқа дейінгі кінәрат-талап түсті.
Заң бойынша сотқа дейінгі шағымға жауап беруге бөлінген 30 күндік мерзімді тоспай, З. Кәкімжанов қаңтардың алғашқы күндері Алматының Медеу аудандық сотына талап-арыз түсірген. Талап берушілер Зейнұлла Кәкімжанов пен Ильхалид Кәкімжанов сайтта жарияланған мақалаларды жоққа шығарудан және оларды сайттан алып тастаудан тыс, порталдың бас редакторы Марат Әсіповтен және журналист Сапа Мекебаевтан – 2 млн теңгеден, ал журналист Геннадий Бендицкийден – 6 млн теңге, «Автодорсервис» ЖШС-ның бұрынғы бас директоры Виталий Процентовтен – 5 млн тенге, баспагер – «ИТАЮ» ЖШС-дан – 6 млн теңгені өндіріп беруді талап етіп отыр.
11 қаңтарда судья Жұмамұратов Т.А. қуынуды қамтамасыз ететін ұйғарым шығарып, жауапкерлерге процес туралы хабар таратуға, соның ішінде БАҚ-тарға жүгінуге, әлеуметтік желілерде шолу жасауға тыйым салды.
16 қаңтарда Алматыда осы іс бойынша алдын ала тыңдаулар басталды. Ratel.kz-дан тыс, жауапкер ретінде Forbes.kz сайтының шығарушысы United Media Group ЖШС мен басылымның бас редакторы орынбасары Александр Воротиловты жауапқа таруды және процесті жабық режимде өткізуді талап етті, талапкер оны: «жарияланған мақалаларда талапкерлердің туыстық қарым-қатынасы мен әлеуметтік жағдайы жария болып, жеке өмір құпиясына қатысты құқығы бұзылады» деп негіздеді.
Ratel.kz интернет-порталының өкілі, өз кезегінде, редакция сотқа дейінгі шағымды 29 желтоқсанда алғанын, ал жауап беруге 30 күн берілетінін айтып, дауды сотқа дейін реттеу мүмкіндігі әлі бар деп, талап-арызды қанағаттандырмауды сұрады.
16 қаңтарда судья келесі сот отырысын 24 қаңтарға белгіледі, яғни сотқа дейін реттеу мүмкіндігі әлі аяқталмаған күнге қойылып отыр.