Экс-қаржы министрі Зейнұлла Кәкімжанов Ratel.kz сайтына қарсы берген талап арызына екінші жауапкер ретінде Forbes.kz-ны қосты
16 қаңтарда Алматыда экс-қаржы және мемлекеттік кіріс министрі Зейнұлла Кәкімжановтың Ratel.kz интернет-порталына қарсы берген талап арызы бойынша алдын ала тыңдаулар басталды. Талапкерлер өзінің талап-арызын толықтыра түсті. Енді Ratel.kz порталынан тыс, жауапкер ретінде Forbes.kz сайтының шығарушысы United Media Group ЖШС мен басылымның бас редакторының орынбасары Александр Воротиловты жауапқа тартуды талап етіп отыр.
Сонымен бірге талапкердің өкілі: жарияланған мақалаларда талапкерлердің туыстық қарым-қатынасы мен әлеуметтік жағдайы жария болып, жеке өмір құпиясына қатысты құқығы бұзатын болғандықтан, сот процесін жабық түрде өткізу туралы өтініш жасады. Сондай-ақ ол дау тудырған мақалаларды әлеуметтік желелерде таратқан лайктар мен репостар үшін төлем жасалған құжаттарды, сол мақалаларды оқыған адамдар мен қандай аудитория қамтылғаны туралы деректі тізім бойынша сұратуды соттан өтінді.
Ratel.kz интернет-порталының өкілі, өз кезегінде, редакция сотқа дейінгі шағымды 29 желтоқсанда алғанын, ал жауап беруге 30 күн берілетінін айтты, сондақтан бұл дауды сотқа дейін реттеу мүмкіндігі бар екенін айтып, бұл талап-арыз қанағаттандырылмау керек деді.
Соттың келесі отырысты 24 қаңтарға белгіледі, яғни сотқа дейін реттеу мүмкіндігі әлі аяқталмаған күнге қойылып отыр.