Экс-қаржы министрі Зейнұлла Кәкімжановтың Ratel.kz интернет-порталына қойған талабы бойынша сот 16 қаңтарда басталады
2016 жылы 29 желтоқсандаRatel.kz интернет-порталының редакциясы экс-қаржы және мемлекеттік кірістер министрі Зейнұлла Кәкімжановтан 2016 жылдың мамыр айынан желтоқсанға дейін сайтта жарияланған 9 мақаланы жоққа шығаруды және оларды сайттан алып тастауды талап еткен сотқа дейінгі кінәрат-талап алды. Ал мәселе мына мақалалар жайында: «Как семья Зейнуллы Какимжанова в авиацию пошла» - 20.05.16, «Под крышей клана своего» - 14.07.16, «Цена амбиций семьи Какимжановых» - 28.07.16, «Райдер для рейдера» - 25.08.16, «Клан Зейнуллы Какимжанова перекрыл «Нурлы жол» - 06.10.16, «Зейнулла Какимжанов: увидимся или в суде, или в кафе» - 12.10.16, «Коронный «кидок» - 20.10.16, «Почему так везет Зейнулле Какимжанову» - 16.12.16 және «Пейзанин, экстазуя, ренувелирует шоссе» - 26.12.16.
Заң бойынша сотқа дейінгі шағымға жауап беруге бөлінген 30 күндік мерзімді тоспай, З. Кәкімжанов қаңтардың алғашқы күндері Алматының Медеу аудандық сотына талап-арыз түсірген. Талап берушілер Зейнұлла Кәкімжанов пен Ильхалид Кәкімжанов сайтта жарияланған мақалаларды жоққа шығарудан және оларды сайттан алып тастаудан тыс, порталдың бас редакторы Марат Әсіповтен және журналист Сапа Мекебаевтан – 2 млн теңгеден, ал журналист Геннадий Бендицкийден – 6 млн теңге, «Автодорсервис» ЖШС-ның бұрынғы бас директоры Виталий Процентовтен – 5 млн тенге, баспагер – «ИТАЮ» ЖШС-дан – 6 млн теңге өндіріп беруді талап етіп отыр.
11 қаңтарда судья Жұмамұратов Т.А. қуынуды қамтамасыз ететін ұйғарым шығарды. Ол жауапкерлерге мына іс-әрекеттерге тыйым салды: «осы талап-арыз бойынша сот ақырғы шешімін шығарғанша, бұқаралық ақпарат құралдарында сот процесі туралы хабар таратуға, соның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарын, телевидениені, журналистерді шақыруға, БАҚ-тарда, телевидениеде осы азаматтық талап-арыз бойынша жарияланым жасауға, сондай-ақ талапкерлерге қатысты бұқаралық ақпарат құралдарына (телевидение, интернет-басылымдарға т.б.) ақпарат беруге, сонымен бірге жауапкерлердің меншігіндегі БАҚ-тарды немесе басқа да интернет-алаңдарды пайдаланып, оларда мақалалар мен жарияланымдар орналастыруға, соның ішінде әлеуметтік желілерде де осы сот процесіне қатысты мақалалар мен өз пікірлерін білдіруге және бұл шектеу Facebook, ВКонтакте әлеуметтік желілере, сондай-ақ жауапкерлердің басқа да блогтарына қатысты».
Жауапкерлер Алматының Медеу аудандық сотының ұйғарымына наразылық шығаруды талап етіп ҚР Бас прокуратурасына шағым жолдап үлгерді, шағымда 12 нормативтік-құқықтық актілердің бұзылуына жол берілгені айтылған (ҚР заңдары мен кодекстерінің баптары, Қазақстан ратифициялаған халықаралық құжаттар мен ҚР Жоғарғы сотының қаулылары).
Ratel.kz интернет-порталының редакциясы өзінің ақтығына сенімді және оны сотта дәлелдеуге тырысады.
Алматының Медеу аудандық сотында бірінші сот отырысы 16 қаңтарға сағат 16.30-ға белгіленді.