Бигелді Ғабдуллиннің ісі бойынша алдын ала тыңдаулар Астанада 11 қаңтарда өтеді
10 қаңтар 2017
Central Asia Monitor газетінің бас редакторы және Radiotochka.kz сайтының директоры Бигелді Ғабдуллинге ҚР ҚК-нің 194-бабы 4-тармағы бойынша (Бопсалау) айып тағылып отыр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының хабарлауынша Б. Ғабдуллин өзіне қарасты CentralAsiaMonitor және Radiotochka.kz БАҚ-тарын пайдаланып, «мемлекеттік органдар жетекшілерінің іскерлік беделіне нұқсан келтіретін жағымсыз материалдар жариялап, ақпараттық шабуылды күшейткен». 2016 жылы 15 қарашада Б. Ғабдуллин қамалып, артынан тұтқынға алынған.