Қазақстанда 16 желтоқсанда әлеуметтік желілер уақытша бұғатталып қалды
17 желтоқсан 2016
16 желтоқсан күні кешкісін Қазақстанда танымал әлеуметтік желілер Facebook, Google, Instagram, Youtube, ВКонтакте, Telegram, Twitter-ге қол жеткізу мүмкін болмай қалды. Алайда пайдаланушылар бұғатталған желілерге VPN арқылы кіруге болатынын айтты. Басқа интернет-ресусрстарға кіруге шектеу болған жоқ. Ақпарат және коммуникация министрлігінің баспасөз хатшысы Арсен Бектасовтың айтуынша бұғаттаудың себебі «байланыс операторларының телекоммуникациялық желілердегі авариялық ақауында екен». Бірнеше сағаттан соң әлеуметтік желілерге кіру мүмкіндігі қалпына келді.