Баспасөз-конференциясы: «Қазақстандағы сөз бостандығының ахуалы: қорытындылар мен перспективалары»
21 желтоқсанда сағат 12.00-де Қазақстандық баспасөз-клубында (Алматы, Самал-2 ықшам ауданы, 58-үй, «САТТI» бизнес-орталығы) мына тақыпта баспасөз конференциясы өтеді:«Қазақстандағы сөз бостандығының ахуалы: қорытындылар мен перспективалары».
2017 жылы Бұқаралық ақпарат құралдары туралы жаңа заң қабылдау жоспарланып отыр. Жаңа заң – бұқаралық ақпарат құралдарының қызметіне, интернет желісіндегі сөз бостандығына, журналистер мен блогерлердің құқықтары мен міндеттеріне елеулі өзгерістер енгізуі мүмкін, атап айтсақ: желелік басылымдарды тіркеу, электронды мұрағат жүргізу, шығу деректеріне қойылатын талаптар, балалардың суретін пайдалануға шектеу қою, блогерлердің мемлекеттік тапсырыс алу мүмкіндігі т.б. Талқылауға түсіп жатқан жаңа ережелердің қабылдану мүмкіндігі қандай және журналистер мен интернет пайдаланушылар 2017 жылдан не күтеді?
Қатысушылар:
Тамара Калеева, Сөз бостандығын қорғайтын Халықаралық «Әділ сөз» қорының президенті
Ганна Красильникова, Сөз бостандығын қорғайтын Халықаралық «Әділ сөз» қорының заңгері
Игорь Лоскутов, «ЮрИнфо Компаниясы» ЖШС Бас директорының орынбасары