Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

Қазақстан Республикасында сөз бостандығына берілетін конституциялық кепілдіктерді алға жылжыту

7 желтоқсан 2016

Құрметті әріптестер,


Сіздерді «Қазақстан Республикасында сөз бостандығына берілетін конституциялық кепілдіктерді алға шылжыту» атты республикалық ғылыми-практикалық конференцияның жұмысын көрсетуге шақырамыз, конференция 9 желтоқсанда сағат 9.00-де «Қазмедиа Орталығында» өтеді: Астана қаласы, Қонаев көшесі, 4.


Конференция барысында келесі мәселелер қаралады: БАҚ қызметін заңмен реттеу және осы саладағы заңнаманы жетілдіру, бұқаралық ақпарат құралдарын мемлекет тарапынан қаржыландырудың принциптері, интернет желісіндегі пікір еркіндігі, сөз бостандығы мен адам құқықтары және басқа да тақырыптар.

Конференцияға Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация вице-министрі Алан Әжібаев,Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісі д-р Кэролин Браун, ҚР-дағы АҚШ Елшілігі істерінің сенімді өкілі Джон Марк Поммершайм, журналистер, заңгерлер, қоғам қайраткерлері қатысады.


Назар аударыңыз! Конференция жұмысын көрсету үшін аккредитация қажет – бұл «Қазмедиа Орталықтың» талабы. Аккредитация мәселесі бойынша Елена Малыгинамен хабарласыңыз: info@adilsoz.kz немесе телефондар 7 (727) 291 04 37, 7 (727) 291 04 63, 8 707 700 1322

Өз сұрағыңызды қойыңыз