БҚО Денсаулық сақтау басқармасы «Уральская неделя» газетінен 10 млн теңге талап етіп отыр
6 желтоқсанда Орал қаласының №2 сотында Батыс Қазақстан облысының (БҚО) Денсаулық сақтау басқармасының «Уральская неделя» газетіне қойған талабы бойынша сот отырысы өтеді.
Себеп – журналист Алла Злобинаның «Оралда отбасы ұрланған нәрестесін таба алмай жүр» атты мақаласының басылым сайтында 2016 жылы 14 шілдеде шығуы. Мақалада Ботқаевтар отбасы 18 жасар қызының жаңадан туған сәбиі перзетханада қалай жоғалып кеткені туралы айтады.
Артынан газет бұл оқиғаның жалғасын жариялап, онда құқық қорғау органдарының ресми хабары беріледі – жас қыз бен оның ата-анасының газетке айтқандарының бәрі жалған.
Соған қарамастан, Батыс Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасы Орал қаласының №2 сотына шағымданып, «Уральская неделя» газеті терістеуді жариялап және 10 млн теңге төлеп беруді талап етіп отыр.