Астанада Матаевтардың ісі бойынша апелляциялық шағым қарала басталды
5 желтоқсанда Астананың қалалық сотында Сейітқазы мен Әсет Матаевтардың ісі бойынша апелляциялық шағым қарала басталды.
Сотталғандарды сот отырысына әкелген жоқ. Адвокат Мадина Бакиеваның айтуынша қылмыстық процессуалдық кодексқа (ҚПК) сәйкес, егер прокурордың талабы бойынша жазаны қаталдатқысы келсе немесе дәлелдер заерттелу керек болса, сотталғандарды апелляциялық сотқа жеткізеді, алайда сот Матаевтардың сотқа қатысуы міндетті емес деп шешкен сияқты деді адвокат.
Қорғаушы жақ: бірінші сатыдағы сот отырысында бұл іс қаралғанда ҚПК-нің көп баптары бұзылғанын мәлімдеп, сот тергеуін қайта жалғастыруды талап етті, сондай-ақ Матаевтардың мүлкін тәркілеумен келіспейтінін айтты.
Сот отырысының басында Сейітқазы Матаевтың әйелі мен оның қоғамдық қорғаушысы Баян Рамазанова өздерін нашар сезініп, олар медициналық көмекке жүгінуге мәжбүр болды.
Адвокат М. Бакиеваның айтуынша, С.Матаев өзіне амнистия жүреді деп есептемейді, сондықтан сот инстанцияларының бәрінен өтуге дайын.
Еске сала кетейік, 3 қазанда судья Ақболат Құрмантаев Қазақстан Журналистер одағының басқарма төрағасы, Ұлттық баспасөз клубының президенті Сейітқазы Матаевты 6 жыл бас бостандығынан айыру, дүние-мүлкін тәркілеу, сондай-ақ мемлекеттік, коммерциялық ұйымдарда материалдық жауапкершілігі бар ұйымдастыру-бөлу міндеттерін атқаратын басшы қызметтерде болу құқығынан өмір бойына айыру, және жазаны жалпы режимдегі колонияда өтеу туралы үкім шығарды.
ҚазТАГ ақпарат агенттігінің бас директоры Әсет Матаев та 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесілді және, сонымен бірге, оның да дүние-мүлкін тәркілеу, сондай-ақ мемлекеттік, коммерциялық ұйымдарда материалдық жауапкершілігі бар ұйымдастыру-бөлу міндеттерін атқаратын басшы қызметтерде болу құқығынан өмір бойына айыру, және жазаны жалпы режимдегі колонияда өтеу туралы үкім шығарылды.
Сейітқазы мен Әсет Матаевтар тағылған айыптардан толығымен бас тартып отыр.