Матаевтардың ісі бойынша апелляциялық шағым 5 желтоқсанда қаралады
№2 Есіл аудандық сотының Сейітқазы менӘсет Матаевтарға шығарған үкім бойынша апелляциялық шағым Астана қалалық сотында 5 желтоқсанда сағат 10.00-де қаралады, Сауран көшесі, 32-үй.
3 қазанда судья Ақболат Құрмантаев Қазақстан Журналистер одағының басқарма төрағасы, Ұлттық баспасөз клубының президенті Сейітқазы Матаевқа: 6 жыл бас бостандығынан айыру, дүние-мүлкін тәркілеу, сондай-ақ мемлекеттік, коммерциялық ұйымдарда материалдық жауапкершілігі бар ұйымдастыру-бөлу міндеттерін атқаратын басшы қызметтерде болу құқығынан өмір бойына айыру, және жазаны жалпы режимдегі колонияда өтеу туралы үкім шығарды.
ҚазТАГ ақпарат агенттігінің бас директоры Әсет Матаев 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесілді және, сонымен бірге оның да дүние-мүлкін тәркіленіп, сондай-ақ мемлекеттік, коммерциялық ұйымдарда материалдық жауапкершілігі бар ұйымдастыру-бөлу міндеттерін атқаратын басшы қызметтерде болу құқығынан өмір бойына айыру, және жазаны жалпы режимдегі колонияда өтеу туралы үкім шығарылды.
Сейітқазы мен Әсет Матаевтар тағылған айыптардан толығымен бас тартып отыр.