Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

Қазақстан ПЕН-клубның президенті, CentralAsiaMonitor газетінің бас редакторы Бигелді Ғабдуллин ұсталды

15 қараша 2016

15 қарашада Tengrinews.kz Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросына сілтеме жасап, Бигелді Ғабдуллин бопсалау жасады деп күдікке ілінгені туралы хабарлады.

«CentralAsiaMonitor және Radiotochka.kz басылымдарының бас редакторы Бигелді Ғабдуллинге қатысты бопсалау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу – Ғабдуллин өзінің қарамағындағы БАҚ-тар: CentralAsiaMonitor және Radiotochka.kz-ны пайдаланып, мемлекеттік органдар басшыларының іскерлік беделіне нұқсан келтіретін жағымсыз материалдарды жариялау арқылы ақпараттық шабуылды күшейткенін анықтаған, - делінген хабарламада.

Ұлттық бюроның мәліметі бойынша, одан кейін Ғабдуллин сыни материалдарды тоқтату үшін өзінің медиаресурстарына мемлекеттік тапсырыстар беруді талап етіп лауазымды қызметкерлерді бопсалаған. Олар, өз кезегінде, Ғабдуллиннің компанияларын лоббилеп, мемлекеттік сатып алу шарттарымен қамтамасыз етіп отырған. Осыдан кейін ғана оның БАҚ-тарында басшылардың қызметі жайлы тек жағымды материалдар шығып жүрген. Мысалы, Ғабдуллин Жамбыл облысы әкімдігінен он миллион теңге көлемінде бюджеттік қаржыны бопсалаған. Тура осындай кестемен Ғабдуллинге жеті мемлекеттік орган бюджет есебінен тапсырыс берген.

Қазір Ғабдуллин ҚР ҚПК (УПК) 128-бабы негізінде қамауға алынып, Астананың ІІД (ДВД) уақытша ұстау изоляторында отыр. Сотқа дейінгі тергеу ісі жүріп жатыр».

Бигелді Ғабдуллин бірнеше кітаптың авторы, «Құрмет» (2006) және «Парасат» (2012) ордендерімен, сондай-ақ хылықаралық «Офицерлік намыс» (2013) орденімен марапатталған. 2011 жылы «Қазақстанның үздік бас редакторы» атанған.

CentralAsiaMonitor басылымының қызметкерлері үшін өздерінің бас редакторының қамауға алынуы мүлдем күтпеген оқиға болды.


Өз сұрағыңызды қойыңыз