Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

Қазақстан Журналистер одағының басқармасы Сейітқазы Матаевқа сенім білдірді

25 қазан 2016

25 қазанда Алматыда Қазақстан Журналистер одағы (ҚЖО) басқармасының кеңейтілген мәжілісі өтті. Оған қатысқандар ҚЖО-ның төрағасы С. Матаевқа қатысты бірауыздан қарар қабылдады:

«Басқарма мүшелері және Қазақстан Журналистер одағы филиалдарының жетекшілері ҚЖО төрағасы С. Матаевқа қымқыру мен салық төлеуден жалтарды деген айыптар тағуына қатысты барлық қиын-қыстау кезеңдер мен бірінші сатыдағы сот үкімін мұқият зерттей келе, келесі қорытындаларға келді.

Айыптау қорытындысы мен үкімінде айтылған: Сейітқазы Матаев пен Ақпарат комитеті және «Қазақтелеком» арасындағы іскерлік қарым қатынастар қылмыстық пиғылмен «ұрлық жасау мақсаттан туындады» деген жиі қайталанатын пайымдаулар – еш дәлелсіз. Тендерлерде ұтып алған барлық қаржыны Ұлттық баспасөз клубы толық көлемде жарғылық мақсатқа сай пайдаланған, оны тергеу мен сот қабылдамаған аудиторлық тексеріс нәтижесі дәлелдеп отыр.

Сейітқазы Матаев – Қазақстан журналистері қауымдастығының лидері болып табылады, ұлттық журналистика мен Қазақстанның шетелдегі беделін нығайту үшін көп жұмыс істеді. Қазір оның басына іс түскен өте күрделі кезеңде С. Матаевты ТМД-ның көптеген елдерінің және алыс шетелдердің Журналистер одақтары қолдап шықты. Оны мына ұйымдар қорғап өз пікірлерін білдірді: Еуропарламент, ЕҚЫҰ, Халықаралық баспасөз институты, Журналистерді қорғау комитеті, Пікір еркіндігін білдірудің халықаралық желісі, Журналистік одақтардың халықаралық конфедерациясы, Сөз бостандығын қорғайтын «Артикль 19» халықаралық ұйымы.

Қазақстан Журналистер одағы басқармасы өз лидеріне моралдық қолдау білдіргендері үшін шетелдік әріптестеріне алғыс айтады, ал Сейітқазы Матаевқа сенім вотумын білдіреді».

Мәжілісте барлық басқарма мүшелері және облыстық филиалдардың жетекшілері болды, олардың 4-еуі бейнеконференцияның көмегімен қатысты. Сондай-ақ, Журналистер одағы басқармасының жұмысын жақсарту мәселелерін талқылады.


Өз сұрағыңызды қойыңыз