Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

Сот “Уральская неделя” газеті мен оның редакторы Тамара Еслямовадан 3,5 млн. теңгені полиция майорының пайдасына өндіру туралы шешім шығарды

20 қазан 2016

19 қазанда Орал қаласының №2 сотының судьясы Марина Сахипова полиция майоры Данияр Ракишевтің «Уральская неделя» басылымының бас редакторы Тамара Еслямова мен газетінің құрылтайшысы - «Журналистская инициатива» ЖШС-ның үстінен берген талап-арызын ішінара қанағатандырды. Талап-арыз бойынша жауапкерлер енді полиция қызметкеріне келтірген моральдық зиянның орнын тотыру үшін жалпы сомасы 3,5 млн. теңге төлеуі тиіс (2 млн. теңгені – құрылтайшы, 1,5 млн. теңгені – бас редактор).

Еске сала кетейік, бұған «Чего боятся такие, как майор Ракишев» («Уральская неделя», 25.05.2016 ж.) атты мақала себеп болды. Онда: Тамара Еслямоваға рұқсат берілмеген митингіге қатысты-мыс деген айыппен айыппұл салған соттан кейін, әкімшілік құқық бұзу туралы хаттама толтырған Д. Ракишев Т. Еслямоваға келіп, кешірім сұрап, қарғамауды сұрағаны туралы жазылған.

Д. Ракишев: «кешірім сұрады деген мәлімет шындыққа сәйкес келмейді және полиция қызметкері ретінде мен туралы теріс пікір қалыптастырып, жаман атқа қалдырды» деді сотта. Сондықтан талап қоюшы: моральдық залалдың орнын тотыру үшін жауапкерден жаңағы сөздерді теріске шығаруды, сондай-ақ редакция мен бас редактордан 10 млн. теңге өндіріп беруді міндеттеуді және осы ақшаны №1 мамандандырылған Балалар үйінің есеп айырысу шотына аударуды соттан сұрады.

«Уральская неделя» газетінің хабарлауынша, бірінші сот отырысында судья Сергеевтің көзінше (ол кейін еңбек демалысына кетіп, оны басқа судья айырбастады) Ракишев: «Иә, мен кешірім сұрадым, бірақ телефондар үшін» деген болатын. Ал келесі отырыстарда ол жаңағы сөзінен бас тартып, «олай деген жоқпын» деді. Соңғы сот отырысында осы аудиожазба сұратылып, судья мен процеске қатысушылар оны тыңдады. Ракишевтің кешірім сұрағанын судья Сахипова мен процеске қатысушылар түгел естіді.

Еске салсақ, бұл дау 2016 жылы 21 мамырда Тамара Еслямоваға «заңсыз митингті ұйымдастыруға қатыстың» деп айыппұл салған кезде орын алған болатын. Сол сотта бас редактор ол митингті ұйымдастырмақ түгілі, оған қатыспағанын дәлелдейтін көптген құжаттар көрсеткен болатын. Алайда судья Р. Сариеваол дәлелдерді қабылдамай, әкімшілік хаттаманы және полицей-куәгерлердің көрсетулерін ғана негізге алған еді. Сол жолы соттан шыққан Еслямова өзінің Facebook парақшасында: «Сот отырысы аяқталған соң, хаттаманы толтырған Батыс Қазақстан облысы ІІД-нің (ДВД) экстремизммен күрес бөлімінің қызметкері Ракишев: «Тамара Алипқалиқызы мені кешіріңізші. Кешіріңіз мені. Қарғамаңызшы менi! Тек меніқарғамаңыз!» деп жалынды» - деп жазған.  


Өз сұрағыңызды қойыңыз