Сейітқазы мен Әсет Матаевтарға шығарған үкім – заң мен парасатты мазақтау
3 тамызда судья Ақболат ҚұрмантаевҚазақстан Журналистер одағы басқармасының төрағасы, Ұлттық баспасөз клубыныңпрезиденті Сейітқазы Матаевқа шығарған үкімін жариялады: 6 жылға бас бостандығынан айыру және дүние-мүлкін тәркілеу, сондай-ақ мемлекеттік, коммерциялық ұйымдарда бөлу мен ұйымдастыруға және материалдық жауапкершілікке қатысы бар басшы қызметтерде болу құқынан өмір бойына айыру, ал жазасын жалпы режимдегі түзету колониясында өтеу.
ҚазТАГ ақпараттық агенттіктің бас директоры Әсет Матаевты 5 жылға соттап, оның да дүние-мүлкін тәркілеу,мемлекеттік, коммерциялық ұйымдарда бөлу мен ұйымдастыруға және материалдық жауапкершілікке қатысы бар басшы қызметтерде болу құқынан өмір бойына айыру және жазасын жалпы режимдегі түзету колониясында өтеу туралы үкім шығарылды.
Сейітқазы Матаевты қоғамдық қолдау комитетін биылғы жылдың басынан бері басқарып келе жатқан сөз бостандығын қорғайтын Халықаралық «Әділ сөз» қорының президенті Тамара Калеева сот шығарған үкімді заң мен парасатты мазақтау деп санайды:
«Сейітқазы Матаевтың ісіне о бастан-ақ Қазақстанның ғана емес, бүкіл әлем журналистері қауымдастығының назары қатты ауып отыр. Біз заңдар мен С. Матаевтың құқықтарын өрескел бұзған сорақы, кейде тіпті арсыздыққа дейін жететін көптеген айғақтарды тіркедік. Бұл үкім, басқасын былай қойғанда, бүкіл қоғамға қауіп төндіріп тұр, яғни егер сендер дер кезінде берілмей, Матаев сияқты өзіңдеріңді кінәсіз санасаңдар, біз сендермен де солай істейміз дегенді білдіреді.
Енді біз, әділет пен әділ соттың жақтаушылары ақылға қонбайтын осы сот актісін өзгерту үшін бірігеміз. Бұл – Матаевтардың отбасына керек, бұл Қазақстан журналистеріне, тұтастай алғанда, біздің елімізге керек, себебі біз өз еліміздің демократиялық беделіне немқұрайлы қарай алмаймыз».