Журналистердің көп келуінен Сейітқазы Матаевты тергеуді кейінге қалдырды
ҚазТАГ-тың хабарлауынша, Қазақстан Журналистер одағының басшысы Сейітқазы Матаевтың адвокаты: баспасөз өкілдерінің көп келуінен тергеуді кейінге қалдырды деп санайды.
«Біздің ойымызша, кеше журналистер мен бейнекамералар көп болғандықтан, С. Матаевқа түсініктеме беруге тыйым салынды. Тиісінше, менің қорғауымдағы адам шындықты, істің мән-жайы шын мәнінде қалай болғанын айтып бергісі келген. Бірақ оның айтқандары, әрине, оны ақтамайды», - деді адвокат Андрей Петров бейсенбі күнгі сот отырысында.
Еске сала кетейік, 19 қыркүйекте Астананың №2 Есіл аудандық сотының судьясы Ақболат Құрмантаев С. Матаевқа сөз сөйлеуге дайындал деген еді. Келесі күнгі отырысқа бірқатар БАҚ-тың журналистері келген болатын. Сондықтан болар, 20 қыркүйекте сот – прокуратураның өтінішімен іс материалдарын зерттеуге көшіп, сотталушыны тергеуді кейінге қалдыруға шешті.