Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевқа Ашық хат

21 қыркүйек 2016

Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы,

 

Сейітқазы менӘсет Матаевтардың сот процесі елімізде қалыптасқан мемлекеттік ақпараттық саясаттың өрескел кемшіліктерін, Қазақстан құқық қорғау органдары мен сот жүйесінде жұмыс істейтін жекелеген қызметкерлерінің сорақы біліксіздігі мен теріс түсінігінің айқын көрсетіп берді. Осының бәрі – өзін құқықты демократиялық мемлекет деп жариялаған Қазақстанның беделіне елеулі нұқсан келтіріп жатыр.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы: мемлекеттік ақпараттық тапсырысты бөлу мен жүзеге асыруда қалыптасқан іс-тәжірибені зерттемей, жүздеген БАҚ-тың ішінен өз бетінше және еш негізсіз Ұлттық баспасөз клубы менҚазТАГ халықаралық ақпараттық агенттікті таңдап алып және сотқа дейін көп бұрын осы ұйымдардың басшыларын көпшілік алдында «қылмыскерлер» деп айыптап, кінәсіздік презумпциясын өрескел бұзды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы қылмыстық іс қозғаған кезден бастап, прокуратура мен сот Қылмыстық-процессуалдық кодекстің, Қазақстан Республикасы Конституциясының, Қазақстан ратификациялаған халықаралық құжаттардың негізін қалайтын нормалар мен парасатты мағынаны көпшілік алдында көпе көрнеу бұзып келеді, атап айтсақ:

·         Матаевтар заңсыз және негізсіз қамауға алынып, үйқамаққа отырғызылды;

·         Істің соттылығы: ҚПК (УПК) мен ҚР Конституциясы нормаларын өрескел түрде бұза отырып анықталды;

·         Тергеу органдары, сот - Сейітқазы Матаевтың өз денсаулығын қорғауға берілген конституциялық құқығын бұзып, оған медициналық көмек алуға кедергі жасауда, ал бұл, өз кезегінде, Сейітқазыны гипертоникалық кризбен және инсульт алдындағы жағдаймен бірнеше рет ауруханаға түсуге әкеп соқты; 

·         Қорғау жағы ұсынған 30 томнан астам бухгалтерлік құжаттар мен тәуелсіз аудит қорытындыларын тергеу мен сот назарға алмай отыр;

·          Судья ҚПК нормаларын бұза отырып, жоғары тұрмақ, орта арнаулы білімі жоқ тергеушінің нағашы ағасы жасаған сараптамаға жол беріп отыр;

·         Айыптау жағының дәлелдері – іс материалдарымен бірге емес, яғни мөр басылып, сотқа тапсырылған заттай айғақтардың ішінен емес, аяқ астынан прокурордың жеке портфелінен табылды, т.б.

  

Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, біз Сізге ҚР азаматтарының конституциялық құқықтары мен бостандықтарының кепілі ретінде шығып, Сейітқазы мен Әсет Матаевтарды орын алып жатқан заңсыздықтардан қорғауды сұрап отырмыз. Сіз осылайша 25 жылда Орталық Азияда сөз бостандығы мен заңдылықтың алдыңғы шебіне айналған Қазақстандағы сөз бостандығы мен заңдылықты қорғайсыз. Біз СізденСейітқазы мен Әсет Матаевтардың ісі бойынша жүріп жатқан сот процесін тоқтатып, тұтастай алғанда, мемлекеттік ақпараттық саясаттың тиімділігін және Сейітқазы мен Әсет Матаевтарға тағылған айыптардың дәлелділігін тексеретін тәуелсіз сараптау комиссиясын құруды сұраймыз».

Егер кімде кім Ашық хаттың мәтінімен келіссе, онда мына жерге қол қоя алады. 

Өз сұрағыңызды қойыңыз