Жаңа сраптама Матаевтардың кінәсіз екенін растайын деп тұр. Судья бұған бара ма?
ҚазТАГ – адвокат Мәдина Бәкиеваға сілтеме жасап, Қазақстан Журналистер одағының басшысы Сейітқазы Матаевтың ісі бойынша жаңа экономикалық сараптама тағайындалса, айыптау жағы ұсынған сараптама нәтижесіне күмән туар еді деп хабарлайды.
«Сарапшы Мунның қорытындысы іске қосылып, қосымша сот-экономикалық сараптама белгіленсін» деген өтініш жасалды. Егер осы өтініш қанағаттандырылса, онда Астанада жасалғансот-экономикалық сараптаманың жауаптары күдікке алынады», - деді М. Бәкиева ҚазТАГ агенттігіне.
Айыптау мен қорғау жағының құқықтары тең болу керек деген және әділ соттың басқа да негізге алынатын принциптеріне сүйенетін болсақ, бұл өтініш, сөз жоқ, қанағаттандырылуы қажет. Алайда судья А. Құрмантаев бұған дейін Сейітқазы мен Әсет Матаевтардың адвокаттары берген қаншама негізделген өтініштерін қанағаттандырудан бас тартқанын еске түсірсек...
Матаевтардың ісінде шешуші маңызға ие болатын сараптаманы тағайындау мәселесін судья әзірше ашық қалдырды.