Матаевты қолдау кампаниясына қарсы арандатулар ұйымдастыруы мүмкін
Ақпарат көздерінің мәліметтері бойынша Алматы мен Қазақстанның басқа да қалаларында Қазақстан Журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаевты қолдауға бағытталған ақпараттық науқанның беделін түсіру мақсатында арандатулар дайындалып жатқан көрінеді.
Арандатулардың мәнісі – Сейітқазы Матаевты Қолдау комитетіне қоғамдық тәртіпті бұзды-мыс және басқа да заңсыз әрекеттерге барды деген жалған айыптар тағылуы мүмкін.
Ондай айыптарға: қаланы абаттандыру ережелерін бұзды, біреудің, соның ішінде мемлекттік мүлікті бүлдірді, түнгі уақытта тыныштықты бұзды, бұзақылық жасады, рұқсат берілмеген митингтер, ереуілдер, шерулер өткізді дегендер кіруі мүмкін, оның ішінде: саяси және ұлттық сипаттағы заңсыз және арандату мақсатындағы талаптар қойылды деуі де ғажап емес.
Сейітқазы Матаевты Қолдау комитеті тек заң шеңберінде іс-әрекет жасап жатқанын бар жауапкершілікпен мәлімдейді. Біздің әріптестер Сейітқазы мен Әсет Матаевтар қашанда Қазақстан Республикасының заңдарына құрметпен қарап, оларды ешқашан бұзған емес. Ал оларды қолдау науқаны – о бастан-ақ заңсыз әрекеттерге барған емес.
Бізге қарсы арандату әрекеттері орын алып жатса, Сейітқазы Матаевты Қолдау комитеті құқық қорғау органдарына шағымданады.