Дәйексөз бе әлде қылмыс па?
«Павлодарэнерго» АҚ – Екібастұз қаласының ІІБ-ге (УВД) журналист Игорь Тимошенконы ҚР ҚК-нің 274-бабы 2-бөлімі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тарту сұрап арыз түсірді
(Қоғамдық тәртіпті бұзу немесе азаматтардың я болмаса ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіру қаупін төндіретін көрінеу жалған ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып таратқан іс-әрекет 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады).
Энергияны жеткізуші ұйым: журналист«Не заплатил - не отключат» («Голос Экибастуза» газеті, 01.09.2016 ж.) мақаласы үшін осы бап бойынша жауапқа тартылуға жатады деп санайды. Бұл мақалада Игорь Тимошенко «Электр энергетикасы туралы» ҚР заңның 18-бабына сілтеме жасап, «энергиямен жабдықтаушы ұйым тұтынушының пайдаланған электр және жылу энергиясы үшін қарызы болса да, жылу және электр энергиясын беруді тоқтатуға құқы жоқ» деп жазған. Бұл сөйлем тұтынушылардың құқын қорғау жөніндегі жергілікті басқарманың депутаттар мен журналистерге берген түсіндірме жазбасынан алынған, ал ол, өз кезегінде, тұтынушылардың құқына қатысты заңдарға енгізілген өзгерістерге берілген түсініктеме болатын.
7 қыркүйекте газет редакциясының электронды поштасына «Павлодарэнерго» АҚ-ның бланкісіне жазылған хат келіп түскен, онда «газет берген ақпарат дәйексіз» деп көрсетілген. «Павлодарэнерго» АҚ-ның қоғаммен байланыс бөлімі «Электр энергетикасы туралы» ҚР заңның 18-бабынан үзінді келтірген, бірақ ол мақалада келтірген үзіндіден еш айырмашылығы жоқ, тек екі сөйлемге бөліп көрсеткен:
«- Энергиямен жабдықтаушы ұйымдар, пайдаланған электр энергиясы үшін қарызы болса да, жылу энергиясын беруді тоқтатуға құқы жоқ;
- Энергиямен жабдықтаушы ұйымдар, пайдаланған жылу энергиясы үшін қарызы болса да, электр энергиясын беруді тоқтатуға құқы жоқ».
«Павлодарэнерго» АҚ-ның хатында: «Игорь Тимошенко екі пайымдауды бір дәйексөзге негізсіз біріктіріп, оны заңнан келтірген үзінді ретінде берген» деп көрсеткен. Соның негізінде АҚ редакцияға: терістеуді жариялаңдар деген талап қойған және сонымен бірге полицияға мақала авторын қылмыстық жауапкершілікке тартуды сұрап арыз түсіргенін хабарлаған.