Алматыда «Біз Сейітқазымен біргеміз!» атты флешмоб өтті
7 қыркүйекте, журналистердің Халықаралық ынтымақтастық күні қарасыңында алматылық журналистер Қазақстан Журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаев пен ҚазТАГ халықаралық агенттіктің бас директоры Әсет Матаевты қолдау флешмобын өткізді.
С. Матаевтың курстастары, әріптестері мен қызметтестері: қорқынышты 1937 жылы ақылға қонбайтын айыптармен Сейітқазының әкесін жазаланғанын, ал ол өзі үшінші курста оқып жүргенде-ақ, журналист үшін ең жақсы тағдыр ТАСС-та жұмыс істеу деп санап, мемлекетіміздің тәуелсіздік жылдары Қазақстанда осындай ақпараттық желіні құру үшін көп еңбек сіңіргенін атап өтті.
Журналист және қоғам қайраткері Әміржан Қосанов: С.Матаевқа тағылып отырған айыптардың негізсіз екенін айта келіп, «Матаевтардың үстінен өтіп жатқан қазіргі сот – бұл сөз бостандығының, әрбір қазақстандықтың сенімді, объективті ақпарат алу құқығының үстінен өтіп жатқан сот. Біз тергеушілердің не дегенін, сотта айыптау жағы не деп жатқанын естіп жүрміз. Бұл айыптардың бәрі негізсіз. Матаев заң алдында таза. Менің ойымша, егер сот әділ де объективті өтуі керек, мен соған үміттенем, себебі бұл істі тек Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ әлемдік қауымдыстық та жіті бақылап отыр. Олай болса, бүгін-ертең Матаевтар бостандыққа шығуы тиіс. Сейітқазы, Әсет – журналистер, қазақстандықтар сендермен бірге! Сондықтан, жуық арада біз сендермен бостандықта көрісетінімізге сенімдімін» - деді ол.
Флеш-моб «Матаевтарға бостандық!» деген ұранмен және сондай-ақ Журналистер одағының төрағасы, Ұлттық баспасөз клубының президентінің жеңетініне сенетін басқа аймақтардың журналистері мен азаматтық белсенділері де түрді ынтымақтастық акцияларын өткізуге шақырған тілекпен аяқталды.