Педагог пен мектеп директоры арасындағы дауда сот педагогтың дұрыстығын мойындады
5 қыркүйекте Алматы облысы Қаскелең аудандық сотының судьясы А.Жаңбырбаева өзінің шешімімен қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі Айман Сағидуллаеваның Қаскелең ауданды Жаңа Тұрмыс ауылы мектебінің директоры Б.Нүсіпбековаға қойған талап-арызын толық қанағаттандырды. Айман – директордың «аудан ардагерлері кеңесіне қатысты педагогикалық этиканы сақтамағаны үшін» деп ескерту жасаған бұйрығын заңсыз деп танып, оны күшін жоюды сұраған.
Қысқаша істің желісін айтсақ: 2016 жылы 19 мамырда 18.00-ден кейін мектеп директоры Б. Нүсіпбекова Раимбек округінің ардагерлер кеңесінің мектепте ұйымдастырған жиналысына қатысу үшін педагог А. Сағидуллаеваны үйінен дереу шақыртады. Бірақ Айманның мұны: заңсыз және кездейсоқ шара деп санап, оған баруға барудан үзілді-кесілді бас тартады. Сол оқиғадан 13 күн өткенде, мектеп жетекшісі оған бұйрықпен ескерту жариялағанын біледі.
Ардагерлер мен мектеп директорының мұндай «жедел» шарасын Айман Сағидуллаева өзінің өмірлік позициясымен байланыстырады, себебі Айман мектеп басшылығының кейбір әрекеттерін мойындамайтын, мысалы, педагогтік қызметке қайшы келетін – мұғалімдер мен оқушыларды аяқ астынан ұйымдастырылатын сенбіліктерге еріксіз қатыстыратын, мемлекеттік БАҚ-тарға мәжбүрлеп жаздыратын, харакетшіл әртістердің концерттеріне билеттерді зорлап алдыратыны сияқты әрекеттерге қарсы шығып жүрген. Осыған орай ол әріптестерімен және басқаларымен Фейсбук парақшасында өз ойларымен бөлісіп тұратын.
Маржан Аспандиярова мен Сөз бостандығын қорғайтын халықаралық «Әділ сөз» қорының өкілі Ғалия Әженова бірлесіп мұғалімге заңгерлік қолдау көрсетті.