Қазкоммерцбанк туралы көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін сотталған Таир Қалдыбаев түрмеде дарға асылған күйде табылды
«Азаттык» радиосына сілтеме жасаған ҚазТАГ-тың ақпараты бойынша, «Қазкоммерцбанк» туралы көрінеу жалған ақапарат таратқаны үшін 23 мамырда 4,5 жылға сотталған алматылық кәсіпкер Таир Қалдыбаев 5 шілдеде түрмеде дарға асылған күйде табылған.
07.07.2016
«Азаттык» радиосына сілтеме жасаған ҚазТАГ-тың ақпараты бойынша, «Қазкоммерцбанк» туралы көрінеу жалған ақапарат таратқаны үшін 23 мамырда 4,5 жылға сотталған алматылық кәсіпкер Таир Қалдыбаев 5 шілдеде түрмеде дарға асылған күйде табылған. Негізгі версия – суицид, алайда Алматы қаласы мен облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті қызметкерлерінің айтуынша, Таир Қалдыбаев тек аз уақытқа жалғыз қалған, ал оған дейін ол тыныш болған және өзіне-өзі қол жұмсау бейімділігі байқалмаған.
Еске сала кетейік, 2014 жылдың қазанын айында Nakanune.kz сайтында «Қазкомбанк» бюджет ақшасына қаржыландырып жатқан құрылыста бұзушылықтар орын алып жатқаны туралы оқырманның хатынан үзінділер келтіре отырып, мақала шыққан болатын. Хат авторының пікірінше, құрылыс нормалары көп бұзылған бұл үйлерді әкімшілік тек пара бергенде ғана пайдалануы мүмкін. 2015 жылы сәуірде «Қазкоммерцбанк» АҚ іскерлік беделіне кір келтірген залалдың орнын толтыруды сұрап, яғни Nakanune.kz домендік аттың иесі журналист Гузяль Байдалиновадан 25 млн.теңге талап етіп, сотқа арыз берген. Сот 20 миллион өндіруге шешкен. Артынша тағы сол Қазкомның «көрінеу жалған ақапарат таратты» деген арызы бойынша қылмыстық іс қозғап, редакция офисінде және интернет-портал қызметкерлерінің пәтерлерінде тінту жүргізілген. Басқа басылымдардың бірнеше журналисті де қамауға алынған, бірақ олар «жігерлі өкініш» білдіріп, «тергеуге белсенді көмек көрсеткен соң», бостандыққа шыққан. Ал сотқа тек Т. Қалдыбаев пен Г. Байдалинова тартылды. Таир Қалдыбаев «Қазкомбанктің» талап арызында көрсетілген 144 млн 235 мың теңе зиянның орнын толтырғанын сотта мәлімдеді. Алайда сот өтелген соманы есепке алмай, оны түрме жазасына кесті.
5 шілде күні Т. Қалдыбаев пен бір жарым жылға кесілген Nakanune.kz сайтының редакторы Гузяль Байдалинованың шағымдары бойынша Алматы қалалық сотының апелляциялық алқасының отырысы өтуі тиіс еді. Алайда олардың өтініштерін қарау уақыты кейінге қалдырылды, себебі сол күні сағат 17.40-та 49 жастағы Таир Қалдыбаев өмірден озды...
БІЗДІҢ
АНЫҚТАМА: «Көрінеу
жалған ақапарат тарату» деп аталатын
274-бап ҚР Қылмыстық кодексте (ҚК) 2015
жылдың 1 қыңтарында пайда болды.
Баптың
диспозициясы бойынша, көрінеу жалған
ақапарат тарату бабы – қоғамдық
тәртіпті бұзу немесе азаматтардың, я
болмаса ұйымдардың құқықтары мен заңды
мүдделеріне не қоғамның немесе мемлекеттің
заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі
зиян келтіру қаупін төндіргенде
қолданылады.
Құқық
қорғаушылар бұл баптың заңдық
аморфтылығы мен адам құқықтарын қатты
шектейті туралы мәлімдеме жасап, ҚК-ге
бұл бапты кіргізуге үзілді-кесілді
қарсы болған. «Әділ сөз» қорының
статистикасына сәйкес 2015 жылы көрінеу
жалған ақапарат таратты деген айыппен
18 адам жауапқа тартылып, 3 айыптау үкімі
шыққан.