Матаевтардың ісі: сот әлі басталған жоқ, бірақ шешім белгілі
Есіл аудандық сотының 3 тамызда шығарған қаулысына Матаевтардың адвокаттары келтірген шағым бойынша 22 тамызда сағат 11.00 минутта Астана қалалық сотында (Сауран көшесі, 32) сотпроцесі өтеді. Онда адвокаттардың бірнеше өтініші: қылмыстық істің сотылығы, қосымша сот-экономикалық сараптама белгілеу, Матаевтардың Астанада тұратын жерін анықтау, бұлтартпау шараны үйқамақтан кепілге ауыстыру туралы өтініштеріне бойынша соттың заңсыз және негізсіз шығарған қаулысына шағымдар қаралады.
Алайда 19 тамызда Астананың №2 Есіл аудандық соты 25, 29 тамызда өтетін басты сот отырысына қатысатын куәгерлерді шақырған. Соған қарағанда,адвокаттардың шағымы бойынша Астана қаласының соты шығаратын шешім алдын ала белгілі болғаны ғой.
Матаевты қолдау комитеті бұл айғақты Қазақстан Журналистер одағының төрағасы, Ұлттық баспасөз клубтың президенті Сейітқазы Матаев пен ҚазТАГ Халықаралық ақпарат агенттіктің бас директоры Әсет Матаевқа қатысты жіберіліп жатқан заңсыздықтар хроникасына кіргізеді.