Сот отырысы 29 тамызға қалдырылды
24 тамыз 2016
24 тамызда Астана қаласының Есіл аудандық сотының судьясы Сейітқазы мен Әсет Матаевтардың ісі бойынша сот отырысы Сейітқазы Матаевтың денсаулығының нашарлауына байланысты 29 тамызға көшірілгенін хабарлады.
Еске сала кетейік, 23 тамызда сот отырысының бірінші күні, соттың аяғына таман Сейітқазы Матаевты тура сот залынан ауруханаға алып кеткен болатын. Қазір ол Астананың ауруханасында емделуде.