Сейітқазы Матаевтың ісі бойынша алдын ала сот тыңдауы ашық өтіп жатыр
3 тамызда Астананың №2 Есіл аудандық сотында Ұлттық баспасөз клубтың жетекшісі, Қазақстан Журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаев пен ҚазТАГ халықаралық ақпарат агенттіктің бас директоры Әсет Матаевты сенімді теріс пайдалануға байланысты айыптайтын іс бойынша алдын ала тыңдау басталды.
Прокуратура процеске қатысушыларға ыңғайлы болу үшін баспасөз өкілдерінің қатысуына шектеу қоюды сұрады, себебі көрші залда жабдықталған баспасөз орталығы бар екен. Ал айыпталушылар сот отырысының ашық өтуін қалады. Астананың №2 Есіл аудандық сотының төрағасы Ақболат Құрмантаев бүкіл процесс барысында БАҚ-тардың қатысуына және аудиожазба жүргізуіне рұқсат етті, бірақ суретке түсірушілер мен операторлардың қатысуына шектеу қойып, оларға жабдықталған баспасөз орталығында түсірілім жасауға кеңес берді.
Сейітқазы Матаев кеше Алматыдан Астанаға ұшып келген кезде оған бірнеше рет «Жедел жәрдем» шақыртқандықтан және ол өзін бүгін де нашар сезініп отырғандықтан, сот процесінде дәрігер-кардиолог та болды. Медиктер оған ота жасау мүмкіндігін де жоққа шығармай, Алматының өзінде-ақ ауруханаға жатуды талап еткен, бірақ Матаев сотқа қатысу үшін одан бас тартқан еді.
Сейітқазы мен Әсет Матаевтар жұртшылық пен халықаралық баспасөз өкілдері қатысатын ашық та объективті сотта өздеріне тағылған барлық айыпты жоққа шығаруға дайын.
Матаевты қолдау комитетінің ақпараты.