Матаевтардың ісін қарайтын басты сот талқылауы Астанада 23 тамызға белгіленді
ҚР Журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаев пен ҚазТАГ-тің бас директоры Әсет Матаевтың ісі бойынша алдын ала сот тыңдауы аяқталды.
Қорғаушылар соттан: бұлтартпас шарасын үйқамақтан кепілге өзгертуді сұрады. Сот процесінде төрағалық етуші Астананың №2 Есіл аудандық сотының төрағасы Ақболат Құрмантаев бірақ бұл өтінішті қабыл алмады.
Адвокаттар, сондай-ақ, сот тыңдауын Алматыға ауыстыруын сұрады. Біріншіден, Матаевтар сол қалада тұрады және жұмыс істейді, олай болса, оларға тағылып отырған айып та сол жерде орын алған. Екіншіден (мүмкін, бастысы), Сейітқазы Матаевтың денсаулығы үнемі күтімді, тыныштықты және дәрігерлік бақылауды қажет етеді, ал Қазақстан Журналистер одағының төрағасын Астанада орналастырған қызмет пәтерде күзетшілер оның бәрін қамтамасыз ете алмайды. Сот, бірақ, бұл дәлелдерді жеткіліксіз деп санап, қанағаттандырудан бас тартты.
Басты сот талқылауы Астанада 23 тамызда сағат 10-ға белгіленді.
Сейітқазы мен Әсет Матаевтар өздерінің кінәсіз екеніне сенімді және оны ашық та әділ сотта дәлелдеп шығуға дайын.