«Жемкорлық – Қорлық» газетінің редакторы Әсет Ассандиге жала жапты деген айыппен айыппұл төлеу туралы үкім шықты
2016 жылы 20 маусымда Шымкент қаласының әл-Фараби аудандық сотында судья Т.А.Кахаровтың төрағалық етуімен «Жемкорлық – Қорлық» газетінің редакторы, Facebook-тің белсенді пайдаланушысы Әсет Ассандиге жеке айыпкер Ханбиби Есенқарақызының шағымы бойынша ҚР ҚК-ның (УК) 130-бабы 3-тармағына («Жала жабу») және 131-баптың 2-тармағына («Қорлау») сәйкес үкім шыққаны белгілі болды.
Оған 28.12.2015 – 02.01.2016 жылдар аралығында Әсет Ассандидің Facebook-тегі өзінің жеке парақшасында: «Ақын ба, әлде ...», «Старики-разбойники», «Бас кеспек болса да, …» және т.б. постары себеп болған. Айыптаушы оларды сыбайлас жемқорлық пен қорлауға қатысы бар деп санап, өзінің ар-намысы мен іскерлік беделіне кір келтіретін көрінеу жалған ақпаратты таратты деп сотқа берген.
Сот А.Ассандиді ҚР ҚК-ның 131-бабы 2-тармағы («Қорлау») бойынша «қылмыс құрамы жоқ» деп ақтап шықты, яғни оның постарында Х.Есенқарақызына қатысты айтылған әдепсіз сөздер мен сөйлемдер жоқ деп тапқан. Бірақ сот А.Ассандиді ҚР ҚК-ның 130-бабы 3-тармағы («Жала жабу») бойынша кінәлі деп тауып, 300 АЕК (МРП) көлемінде (636 300 теңге) айыппұл төлеуге үкім шығарды. Сонымен бірге сот А.Ассанди 26 057 теңге көлемінде психология-филологиялық сараптаманың құнын төлеуге міндеттеді.
Әсет Ассанди үкімнің айыптау бөлігімен келіспей, апелляциялық инстанцияға шағымданайын деп отыр.