Сот «Трибуна» газеті мен оның авторларынан 5 миллион теңгені өндіруге кесті
12 шілдеде Медеу аудандық сотында С.Сыздықовтың: «мені жаманатқа қалдырып, шындыққа сәйкес келмейтін мәліметті жариялағаны үшін моральдық залалдың орнын толтыруды» талап еткен арызы бойынша судья Д. Махметованың төрағалық етуімен шешім шықты.Бұл істеИК (ИП) «Қалам», «Трибуна. Саяси қалам» газетінің бас редакторы Жанболат Мамай және журналист Денис Кривошеев жауапкер болды.
Судья Д.Махметова талапты ішінара қанағаттандырды: 5 миллион теңгеге бағаланған моральдық залал бәріне бірдей бөлінді, сондай-ақ жауапкерлердің әрқайсысына 50 мың теңгеден баж салығын төлеуге міндеттелді. Қуынушы болса, теріске шығаруды жариялауды және 15 млн. теңге моральдық залалдың орнын толтыруды талап еткен болатын.
Бұған – Д. Кривошеевтің «Коррупционер» возглавит «Алматыжарнама»?» атты мақаласы (15.04.2016 ж.) және мақаланың тақырыбы мен ондағы бірнеше үзінді себеп болды деп есептейді талапкер. Сонымен бірге талапкер өзінің ар-намысы мен іскерлік беделі қорланды деп санаған.
Бұдан бұрын Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттігі – ҚР АК-нің (ГК) «сеніп тапсырған бөтеннің мүлікін иемдену немесе ысырап қылу» деп аталатын 176-бабы бойынша С.Сыздықовтың үстінен қылмыстық іс қозғауына байланысты оның аты-жөні түрлі БАҚ-тарда оншақты рет аталған. Бірақ С.Сыздықов сол кезде 23 млн. теңгені құраған зиянның орнын толтырып, тараптардың мәмілеге келуіне орай іс тоқтатылған болатын. Осыны еске салғаны үшін «Трибуна» жазаланды.