Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

«Объективте – сөз бостандығы» байқауын бастаймыз

15 тамыз 2016

Журналистердің халықаралық ынтымақтастығы күні қарсаңында Сөз бостандығын қорғайтын «Әділ сөз» халықаралық қоры, ЮНЕСКО-ның Алматыдағы кластерлік бюросы және Қазақстан Журналистер одағы Германияның Қазақстандағы елшілігінің, Пікір бостандығының IFEX халықаралық жүйесінің қолдауымен «Объективте – сөз бостандығы» фотосурет байқауын жариялайды.

Байқауға кәсіби фототілшілер мен әуесқой түсірушілердің электронды немесе А4 форматтағы қағаз жұмыстары қабылданады.

Номинациялар:

  • Шығармашылық шыбытта

  • Газетте шығатын бірнеше сурет үшін

  • Жариялық құпиялары

  • Сотқа қарап қорытынды жасама

  • Намысты армен қорғайық

Ең жақсы жұмыстар Алматыдағы ҚР Орталық Мемлекеттік мұражайында көрсетіліп, еліміздегі танымал БАҚ-тарда жарияланады.

Ең таңдаулы авторлар құнды кәсіби сыйлықтармен марапатталады.

«Байқауға» деген белгісі бар фотосуреттер 2016 жылдың 31 тамызына дейін қабылданады:

e-mail: malygina@adilsoz.kz; info@adilsoz.kz;

050000 Алматы қ., Фурманов көшесі, 130, офис 14, «Әділсөз»

Сұрақтар болса:тел./факс 8 (727) 272-57-81, 261-05-31


Байқаудың нәтижесі 8 қыркүйекте, Журналистердің халықаралық ынтымақтастығы күні жарияланады. Сол күні жеңімпаздар да марапатталады.

Өз сұрағыңызды қойыңыз