Оралдың журналистері «ҰҚК-нің арнайы тексерісінен» өте алмаған соң, премьер-министрдің сапарын көрсете алмады
«Уральская неделя» газетінің фототілшісі Рауль Упоров, Азаттық радиосының Батыс Қазақстан облысы бойынша тілшісі Санат Урналиев және Оралдың тағыда үш журналисі Қазақстан Республикасы премьер-министрі Кәрім Мәсімовтің Оралға келген сапарынан ақпарат бере алмайтын болды. Журналистердің өздері оны «бізді аккредиттелген БАҚ-тардың тізіміне кіргізбей тастады, себебі біз Ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнайы тексерісінен өте алмадық» деп түсіндірді.
Бұл ақпаратты Азаттыққа БҚО әкімінің баспасөз қызметінің өкілі Жарқын Жұмаділов телефон арқылы растады. Оның айтуынша, Азаттықтыңтілшісінен тыс, ҰҚК-нің арнайы тексерісінен фототілші Рауль Упоров, журналистер Галина Самойлова («Приуралье» облыстық мемлекеттік газеті), Денис Спиридонов («Информбиржа» газеті) және Роман Копняев («ТДК-42» қалалық телеарна) өте алмаған.
Журналистер Р. Упоров пен Г. Самойлова аккредиттеуден өтпей қалғанына қарамастан, олар өзінің кәсіби міндеттерін мүмкіндігінше орындауға тырысып, К. Мәсімовтің әуежайдан қалаға келетін Орал-Тасқала жол учаскесіне қарай бет алған. Бірақ оларға суретке және бейнетаспаға түсіруге рұқсат бермейді. «Полиция қызметкері бізге «премьердің күзеті ескертусіз оқ атады» - деп Рауль Упоров телефонмен редакцияға хабарлаған.