Соттасуға көмектесеміз
Бұрын хабарлағанымыздай, мамырдың 21-де өздерінің құқықтарын пайдалана отырып, рұқсат етілмеген митингтерге байланысты жағдайды бұқаралық ақпарат құралдарында жазып-көрсетеміз деген ондаған журналистер ұсталды.
06.06.2016

Халықаралық "Әділ сөз" сөз бостандығын қорғау қоры 21-ші мамыр күні кәсіби құқығы бұзылған (заңсыз ұстау, техниканы бұзу, түсірілген ақпаратты өшіру, т.т.) журналистерге қол ұшын бермек ниетін білдіреді. Егер сіздер құқығыңызды сот арқылы қорғамақ болсаңыз және бұзушылықтың қандай да бір дәлелдері болса, хабарласыңыз.
Алматы қаласында заңгерлік көмек хабарласқан журналистерге тікелей беріледі. Өзге аймақтардан хабарласқан журналистерге сот процессіне дайындалу мен жүргізу жөнінде дистанциялық заңгерлік кеңес беріледі.
Байланысу үшін:
+7 727 272 57 81, +7 727 272 56 30, +7 727 261 05 31