Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

Әсет Матаевтің ісі де өзгертілді

26 мамыр 2016

ҚазТАГ бас директоры Әсет Матаевтің аса ірі мөлшерде бюджеттің қаражатын қымқырды-мыс күдікке байланысты қылмыстық ісі басқа - ақпараттық жүйені пайдалану арқылы сеніп тапсырылған бөтен мүлікке байланысты - бапқа ауыстырылды.


26.05.2016


ҚазТАГ бас директоры Әсет Матаевтің аса ірі мөлшерде бюджеттің қаражатын қымқырды-мыс күдікке байланысты қылмыстық ісі басқа - ақпараттық жүйені пайдалану арқылы сеніп тапсырылған бөтен мүлікке байланысты - бапқа ауыстырылды. 23 мамырда Алматы қаласы бойынша жемқорлыққа қарсы жедел тергеутобы қылмыстық істі өзгерту туралы жаңа қаулы қабылдады, - дейді Матаевті қолдау комитетінде.


ҚазТАГ бас директоры Әсет Матаев, Қазақстан журналистер Одағының төрағасы Сейтқазы Матаев секілді, сотқа дейінгі тергеу барысында қойылған айыпты мойындамады, күдіктерді қабыл алмады. Сондай-ақ, қылмыстық істі тоқтатудың есесіне тергеумен қарым-қатынаста болу ұсынысынан да бас тартты. Қылмыстық істі жоғары лауазымды шенеуніктердің тапсырысы деп ойлайды және олардың аты –жөндерін тергеу құпиясына байланысты кейінірек жариялайды. Оның қорғаушылары қадағалау органына істің қылмыстық құрамының болмауына байланысты қысқартылуын талап етіп өтінішін тапсырды.


Матаевті қолдау комитетінің ақырғы сөзі:


Матаевті қолдау комитетіне шетелдік және жергілікті журналистерден , халықаралық құқыққорғау ұйымдарынан және шетелдік бақылаушылардан көптеген қоңыраулар мен хаттар түсуде. Онда авторлар Сейтқазы мен Әсет Матаевтарды айыптау бағытының өзгергені туралы әңгімелеп, түсініктеме беруді өтінеді. Өкінішке орай, тергеу аяқталмайынша, ешбір түсіндіру, болжам жасауға болмайды. Айыптау қорытындысы Матаевтардың қолына тиген бойда, қорғаушылары сұрақтарға жауап беріп, сұқбаттасады. Әзірше, тек бір нәрсе айқын: сот ашық, әділ болса, Журналистер Одағы басқармасының төрағасы және ҚазТАГ бірінші басшысы өздерінің адал есімдерін толық дәлелдеп алады.


Өз сұрағыңызды қойыңыз