Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

Митинг пен шерулер жайында баяндауға байланысты журналистердің құқықтары туралы

19 мамыр 2016
Соңғы күндері рұқсат етілмеген қоғамдық акциялар жөнінде баяндаған журналистердің ұсталынып жатқаны туралы хабарламалар түсуде. Осыған байланысты «Әділ сөз» қоры журналистердің заңды құқықтарын естеріне салады. 

19.05.2016
Соңғы күндері рұқсат етілмеген қоғамдық акциялар жөнінде баяндаған журналистердің ұсталынып жатқаны туралы хабарламалар түсуде. Осыған байланысты «Әділ сөз» қоры журналистердің заңды құқықтарын естеріне салады:

«Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңының 20 бабы: «Журналистiң куәлiгiн көрсету арқылы дүлей апаттар болған аудандарда, митингiлер мен демонстрацияларда, сондай-ақ қоғамдық, топтық және жеке мүдделер мен наразылықтарды өзге де бiлдiру нысандарына қатысуға құқығы бар».

       2. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 158 бабы: 
«Журналистiң заңды кәсіби қызметiне кедергi жасау

      1. Журналисті ақпаратты таратуға не таратудан бас тартуға мәжбүрлеу жолымен, сол сияқты журналистің заңды кәсіптік қызметін орындауына кедергі жасайтын не оны осындай мүмкіндіктен толық айыратын жағдай туғызу жолымен оның заңды кәсіптік қызметіне кедергі жасау –
      бір жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз жиырма сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не қырық бес тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
      2. Адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған, сол сияқты журналиске немесе оның жақындарына қатысты күш қолданып немесе оны қолдану қатерін төндіріп не олардың мүлкін бүлдіріп немесе жойып жасалған дәл сол іс-әрекет –
      белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады».  


Назар аударамыз: өздеріңмен БАҚ куәлігін немесе шара туралы жазуға ресми түрде құжатталған
(бланкте, мөрімен)  редакциялық тапсырманы ала жүріңдер.

Ресми түрде тіркелген БАҚ-пен еңбек шартында жоқ блогерлер мен әлеуметтік желінің белсенділері рұқсат етілмеген қоғамдық шараның қатысушысы (ұйымдастырушысы) ретінде ұсталынып қалу қауіпі бар. Сол себепті достық қарым-қатынастағы, тығыз араласатын редакциядан тапсырма иә журналистің куәлігін алуға кеңес береміз.

Ортақ кеңес: жеке куәліктеріңізді ала жүріңіздер!

Өз сұрағыңызды қойыңыз