Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

23 ақпан 2016

2016 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстанжурналистік қауымдастығының танылған лидері, ТМД және Балтық жағалауы елдерінің журналистер одақтары Конфедерациясының вице-президенті, Қазақстан журналистер Одағы басқарма төрағасы, «Ұлттық баспасөз-клубы» қоғамдық бірлестігінің президенті Сейітқазы Матаев пен еліміздегі жетекші ақпарат агенттігі ҚазТАГ-тің бас директорыӘсет Матаевтың Қазақстан бойынша беделін түсіру науқаны басталды.

Сейітқазы Матаев мемлекеттің көптеген миллион теңгесін қымқырды және Алматыдағы Ұлттық баспасөз-клубы ғимаратын заңсыз реконструкциялады деген ресми күдікке ілініп отыр. Әсет Матаевқа мемлекеттік ақпараттық тапсырысты орындауда көптеген миллион теңгені қымқырды деген айып тағылып отыр. Істің мән-жайына келсек, оларды қудалаудың нақты мақсаты – ашық диалог алаңы болып табылатын баспасөз-клубының жұмысын тоқтату, ҚазТАГ-тың жарияланымдарына мемлекет тарапынан құпия бақылау орнату және Қазақстан журналистер Одағының қоғамдық белсенділігін төмендету деп болжам жасауға болады.

Ұлттық баспасөз-клубы 1997 жылы қазақстандық және шетелдік журналистердің қоғамдық бірлестігі ретінде құрылған. Оған Алматы мен Астанада несиеге сатып алынған және жөндеуден өткен ғимараттар қарайды және ол несиелер баяғыда өтелген. Оның заңдылығын растайтын барлық қажет құжаттар бар. Ұлттық баспасөз-клубы өзінің қызметі үшін ешқашан мемлекет бюджетінен қаржы алып көрген емес. Оған қарайтын ғимараттарда республикалық және шетелдік БАҚ-тардың корпункттері, бизнес-құрылымдардың өкілдері, сондай-ақ оппозицияның, жеке адамдардың, қоғамдық ұйымдардың офистері орналасқан.

2008 жылы құрылған жекеменшік ҚазТАГ ақпарат агенттігі өзінің жеделдігінің, әртүрлігінің және объективтілігінің арқасында қазір Қазақстандағы жетекші ақпараттық агенттікке айналып отыр. ҚазТАГ өз қызметінен түскен табысқа жұмыс істейді және ол мемлекеттік тапсырысты орындағаны туралы толық есеп берген, сондай-ақ ол өзінің ақпараттық саясатына араласуға тырысқан барлық әрекеттерден бас тартып келеді. ҚазТАГ-тың серіктестері – Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Ауғанстан, Иран телеграф агенттіктері және Қытай Халық Республикасындағы жаңалықтар порталы.

Қазақстан журналистер Одағы – журналистер қауымдастығын біріктіретін еліміздегі қоғамдық алаңның белсенді ойыншысы болып отыр және ол негізсіз қудалауға ұшыраған БАҚ-тар мен журналистерді қорғап жүр, сонымен бірге интернеттегі цензураға дәйектілікпен үнемі қарсы шығып, ақпараттық заңнаманы либерализациялауды қолдап келеді, сондай-ақ журналистердің кәсіби этика кодексін әзірлеп және оны насихаттап жүр.

Сейітқазы Матаев пен Әсет Матаев өздеріне тағылған барлық айыптарды үзілді-кесілді мойындамайды және өздерінің кінәсіз екенін құжаттармен дәлелдеуге дайын.    


Өз сұрағыңызды қойыңыз